Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

2019 жылғы 25 қазан – 1 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

1 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға әлсіреп (388,92-ден), бір АҚШ доллары үшін 389,46 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 25 қазан – 1 қараша аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ монетарлық саясаттың бұдан былай жеңілдеуінде үзіліс болатыны жөнінде белгі беріп, қатарынан үшінші рет мөлшерлемені 1,5-1,75% -ға дейін төмендету бойынша шешім қабылдады. Қытай мен АҚШ ҚХР-дің Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэнің АҚШ-тың сауда өкілі Р. Лайтхайзермен және АҚШ Қаржы министрі С.Мнучинмен келіссөздерінің қорытындысы бойынша негізгі сауда-саттық мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізді. АҚШ Конгрессінің Өкілдер Палатасы АҚШ Президенті Д.Трамптың импичменті рәсімін қалыптастыратын қарар қабылдады. ЕО Брекзитті 2020 жылғы 31 қаңтарға дейін кейінге қалдыруға келісім берді, британдық Қауымдық Палата 12 желтоқсанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу турал заң жобасы үшін дауыс берді.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

· түрік лирасы Қытай мен АҚШ арасында сауда-саттық мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізуге байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы, Ұлыбританияның ЕО-дан шығу мерзімін ұзарту, сондай-ақ қыркүйекте сауда балансының $2,06 млрд. дейін төмендеуі туралы деректердің шығуы аясында 1%-ға (5,77-ден 5,71-ге дейін) нығайды. Түркияның ОБ инфляция болжамын 2019 жылдың соңына 12%-ға дейін 13,9-ға төмендетті;

· Ресей рублі отынға әлемдік сұраныс бойынша перспективаның жақсаруына байланысты мұнай бағасының ұлғаюы аясында 0,6%-ға (63,88-ден 63,5-ке дейін) нығайды;

· Бразилия реалы Үкіметтің 4 мұнай кен орнын игеру құқығына аукцион өткізу алдында 0,5%-ға (4,01–ден 3,99-ға дейін) нығайды;

· үнді рупиясы жергілікті борыштық нарыққа шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,1%-ға (70,89-дан 70,81-ге дейін) нығайды;

· Индонезия рупиясы бір аптада өзгерген жоқ (14 038-ден 14 039-ға дейін). PMI-дің іскерлік белсенділік индексі қазанда 47,7-ге дейін (қыркүйекте - 49,1) төмендеді;

· Мексика песосы ІЖӨ бойынша деректердің талдаушылардың күтулерінен төмен болып шығуы аясында – көрсеткіш болжам 0,2% болғанда 3-тоқсанда 0,1%-ға өсті;

· Оңтүстік Африка ранды Қаржыминінің болжамдарын жариялау аясында 2,8%-ға (14,63-тен 15,04-ке дейін) әлсіреді, ОАР мемлекеттік борышы таяудағы үш жылда ІЖӨ-нің 70%-нан асып түседі және мемлекеттік компанияларға көмек көрсетуге шығыстардың ұлғаюына байланысты өсуін жалғастыруы мүмкін.




[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары


Screenshot_4.png


Дамушы елдер валюталарының серпіні (2019 жылғы 18 қазан=100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)


Screenshot_5.png


Screenshot_6.png