Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның 8 өңірінде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістер циклын өткізді

Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру – Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі бағыттарының бірі, оның негізінде ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

Ұлттық Банк 2018 жылдан бастап еліміздің өңірлерінде жүзеге асыратын жетекші жобалардың бірі «Қаржылық сауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі» дәрістер циклы болып табылады.  

Кар.png

2019 жылы Қазақстанның 8 аймағынан: Қарағанды, Өскемен, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Алматы, Қостанай және Нұр-Сұлтан қаржы сауаттылығының негіздері, қаржылық реттеушінің қызметі, елдің қаржы институттары және олар ұсынатын өнімдер, танымал қаржы құралдары, қаржылық жоспарлау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі және басқа да көп нәрселер туралы білді.



Белгілі қазақстандық бизнес-тренерлер, коучтар, республикалық және өңірлік БАҚ, Ұлттық Банк, оның аумақтық филиалдары, ҚҚГД, БЖЗҚ және ірі қаржы ұйымдарының өкілдері дәріс оқыды. 

оскемен.png

Аталаған дәріс циклінің басты аспектілерінің бірі олардың толық интерактивтілігі болды. Көптеген практикалық тапсырмалар, қатысушылар тап болған нақты жағдайларды талқылау, өз бюджетін қалыптастыру және жаңа табыс көздерін алу және әл–ауқатты жақсарту үшін креативті жобаларды әзірлеу – осының барлығы аудитория үшін жеңіл және қолжетімді форматта өткізілді. Ұлттық Банк дәрісті ақысыз негізде жүргізгендіктен оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады.
Тар.png

Лекцияларға келушілерге жүргізілген талдаудың қорытындысы оған жас ерекшелігі 18 жастан 63 жасқа дейінгі кіріс деңгейлері әртүрлі әлеуметтік топтардың барлығы дерлік қатысқанын көрсетті. 

Шым.png

Лекцияға студенттер, зейнеткерлер және көпбалалы аналар аса қызығушылық танытты. Лекцияны мол тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлермен қатар, кәсіби жолын жаңа ғана бастаған адамдар да тыңдады. Олардың әрбіреуінің өз сауалдары мен оқиғаларына арнайы дайындықтан өткен кәсіби мамандар түсініктеме беріп, ұғынуға көмек көрсетті.

Тал.png

Алматы.png


Неғұрлым жиі көтерілген мәселелер өзін-өзі оқыту мүмкіндігі мен қаржылық сауаттылықты одан әрі арттыру, қаржылық алаяқтықтан сақтану және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда не істеу және кімге өтініш білдіру қажеттілігі туралы болады.

Кос.png

 Одан басқа, қатысушылар бүгінгі күні ақшаны қандай қаржы құралдарына салу тиімді болатындығы, кірістер мен шығыстардың талдауын қалайша дұрыс жүргізу, отбасылық бюджет неден тұруы тиіс сияқты мәселелерге қызығушылық танытты.

Нур.png

Келесі жылы осыған ұқсас лекциялар циклі Қазақстанның өңірлерінде де болып өтеді.  

Сіздің қалаңыздағы лекцияларды өткізіп алмау үшін www.fingramota.kz сайтында және

Facebook: https://www.facebook.com/fingramotakazakhstan/

Instagram: https://www.instagram.com/fingramota.kz/ әлеуметтік желілердегі Ұлттық Банктің жаңалықтарын қадағалап отырыңыз

75264779_519261085318803_3262420942877360128_n.png