Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк Алматы қ. оқушылары үшін қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар өткізуде

Ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Алматы қ. бірқатар мектептерінде қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар өткізуге бастама жасады.

Жоғары сынып оқушыларын қаржылық сауаттылықтың негіздерімен таныстыру және қаржы өнімдері мен құралдарын пайдаланудың, жеке бюджетті сауатты басқарудың негізгі дағдыларын алу, сондай-ақ Қазақстанда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі бойынша консультациялар беру осы ашық сабақтардың негізгі мақсаты болып табылады.

Алғашқы ашық сабақты 12 қарашада Ұлттық Банктің және БЖЗҚ-ның өкілдері «Престиж»  мектебінде өткізді. Дәріскерлер оқушыларға екі деңгейлі банк жүйесінің жұмысы, Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен шешетін міндеттері және оның екінші деңгейдегі банктерден айырмашылығы жайында айтып берді. Сондай-ақ оқушыларға Қазақстан зейнетақы жүйесінің құрылымы, қазақстандықтардың зейнетақысы неден қалыптасатынын және неліктен зейнеткерлік жайында жастайынан ойлану қажеттігін түсіндірді.     

Балалар көптеген сұрақ қойып, қаржы тақырыбына қызығушылықтарын білдірді. Оларды әсіресе банкир мамандығының қырлары: нені білу керек және қандай дағдылар болу керек, банктер қалай жұмыс істейді және банк секторының перспективалары қандай деген мәселелер қызықтырды.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған Fingramota.kz жан-жақты қолдау көрсеткені, ашық сабақты ұйымдастыруға көмектескені және жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелеріне қызығушылық танытқаны үшін «Престиж» мектебінің басшылығына және ұстаздар қауымына ризашылығын білдіреді.

Алматы қаласының жоғары сынып оқушыларына ашық сабақтарды Ұлттық Банктен басқа, БЖЗҚ, ҚДКҚ, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері өткізетінін атап өтеміз. Олар өз ұйымдары жұмысының ерекшеліктерін айтып беріп, балаларға болашақ мамандық таңдауда көмектесулері де мүмкін.

IMG-20191113-WA0015.jpg

Қаржылық сауаттылық жайындағы осы және басқа да осындай іс-шаралар туралы толығырақ www.fingramota.kz сайтынан, сондай-ақ:

Facebook: https://www.facebook.com/fingramotakazakhstan/

Instagram: https://www.instagram.com/fingramota.kz/ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалардан білуге болады.