Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Мәдина Әбілқасымова жаңа Агенттікке басшы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Абылкасымова фото.jpg

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1999)

- "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы

- Колумбия университеті (2001-2003)

Халықаралық қатынастар магистрі, "Экономикалық саясатты басқару" мамандығы

- Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі (2010-2011)

Мемлекеттік басқару магистрі

Еңбек жолы:

- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы (1999-2001);

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы (2003-2004);

- "Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы" АҚ Мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры (2004-2006);

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2006-2008);

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы басшысының орынбасары (2008-2011);

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі (2011-2013);

- Дүниежүзілік банктегі Қазақстан Басқарушысының орынбасары (2012 жылдан бастап);

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2013-2014 жж.);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (08.2014-02.2018);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (02.09.2018 - 02.25.2019);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (03.2019);

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (2019 жылғы 28 наурыздан бастап).

Өзге лауазымдары:

- "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (09.2011 - 05.2013);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (12.2014 - 21.02.2018);

- "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (12.2016);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі (02.21.2018 - 2019).

ақпарат дереккөзі: zakon.kz