Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2019 жылғы 13 желтоқсан 20 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

20 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,3%-ға нығайып (383,95-тен), бір АҚШ доллары үшін 382,99 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 13 желтоқсан – 20 желтоқсан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың бірқатар министрлері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келісімінің бірінші сатысының мәмілелері техникалық және заң тұрғысынан шолудан өтуде екенін мәлімдеді, ал оған қол қою келесі жылдың қаңтарында күтілуде. АҚШ-тың Өкілдер Палатасы Президент Д.Трампқа билікті асыра пайдаланғаны үшін импичмент жариялады. Англия Банкі желтоқсандағы отырыстың қорытындысы бойынша базалық пайыздық мөлшерменеі 0,75% -дық деңгейде өзгеріссіз қалдырды. Қарашада ҚХР-ғы өнеркәсіптік өндірістің және бөлшек сауданың өсуі талдаушылардың күтулерінен асып түсті.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.   

Дамушы елдердің валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

·                    Оңтүстік Африка ранды АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келісімі бойынша нық сенімге байланысты шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 1,9%-ға (14,53-тен 14,25-ке дейін) нығайды

·                    Ресей рублі АҚШ-та РФ-ға қарсы санкциялар кіретін заң жобаларын қолдауға қарамастан, экспорттаушылардың салық төлемдеріне дайындығы аясында 0,9%-ға (62,85-тен 62,29-ға дейін) нығайды;   

·                    Мексика песосы инфляцияның 3%-дық нысаналы бағдарға дейін баяулауы және экономиканың баяулауына байланысты орталық банктің пайыздық мөлшерлемені қатарынан төртінші рет 7,25%-ға дейін төмендету шешіміне қарамастан инвесторлардың жаһандық тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 0,6%-ға (19,04-тен 18,93-ке дейін) нығайды;

·                    Бразилия реалы 2019-2020 жылдарға арналған ІЖӨ-нің өсуі болжамының жақсаруы туралы ОБ жарияланымы аясында 0,2%-ға (4,11-ден 4,1-ге дейін) (тиісінше 1,2% және 2,2%) нығайды;

·                    Индонезия рупиясы орталық банктің мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз (5%) сақтау туралы шешімінің аясында 0,1%-ға (13 990-нан 13 978-ге дейін) нығайды;

·                    үнді рупиясы мемлекеттің қатысуымен банктер тарапынан шетелдік валютаға жоғары сұраныс туралы хабарлардың аясында 0,4%-ға (71,82-ден 71,12-ге дейін) әлсіреді;

түрік лирасы Түркия Президентінің РФ-дан әскери техника сатып алуға байланысты елге қарсы санкциялар енгізген жағдайда америкалық әскери базаларды жабу туралы қауіп төндіруіне байланысты АҚШ-қа қарсы тұруды ықтимал күшейту туралы қауіптенулердің аясында 2,2%-ға (5,81-ден 5,94-ке дейін) әлсіреді;


[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары


Screenshot_4.png

Дамушы елдер валюталарының серпіні (2019 жылғы 6 желтоқсан= 100,

индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Screenshot_5.png

Screenshot_6.png