Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚНРДА Төрағасының бірінші орынбасары болып Олег Александрович Смоляков тағайындалды. Ол Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. 

ОРИГИНАЛ_Большая_IMG_обрез.jpg

Сонымен бірге Нұрлан Алмасұлы Абдрахманов және Мария Жамаловна Хаджиева қаржы реттеушісі Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

2019 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, онда Қазақстан Ұлттық Банкін одан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастайтын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру көзделеді.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы өкімімен ҚНРДА Төрағасы болып Мадина Ерасылқызы Әбілқасымова тағайындалды.