Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке 2019 жылғы қарашадағы қысқаша шолу

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 679,2 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 7 069,4 млрд теңгені немесе 65,8%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 609,7 млрд теңгені немесе 33,8%-ды құрады.

Screenshot_2.png

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.  

Screenshot_3.png

Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы қарашада теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 31,7 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде[1]) болды, оның ішінде:  

-          ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,4% орташа алынған кірістілігі бар
жалпы сомасы 27,8 млрд теңгеге МБҚ сатып алынды;

-          ҚР ЕДБ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-тың жылдық 10,75% кірістілігі бар облигациялары 3,9 млрд теңге сомаға сатып алынды.

                   Теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу. 2019 жылғы қарашада эмиссия проспектісінде белгіленген мерзімге сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың облигациялары бойынша 59,9 млрд теңге сомада негізгі борыш өтелді.

Банктік салым шартында белгіленген талаптарға сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың салымы бойынша 0,3 млрд теңге сомада негізгі борыш өтелді.

 

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.

БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.


[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, «Кері репо»   

Screenshot_4.png

Шетел валютасындағы инвестициялар. 2019 жылғы қарашада шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
398,8 млрд теңге болды.

Есепті кезеңде жылдық 1,56% орташа алынған кірістілікпен 381,9 млрд теңге көлемде АҚШ-тың қысқамерзімді МБҚ сатып алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде мына елдердің МБҚ-мен сатып алу-сату мәмілелері жасалды: Ресей Федерациясы, Филиппин, Перу, Индонезия және Мексика. Нетто-сату көлемі 91,1 млрд теңгені құрады.  

Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасындағы еркін ақша қаражаты «А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Шетел валютасымен өтеу және сату. 2019 жылғы қарашада бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 178,6 млрд теңге сомасына АҚШ МБҚ бойынша негізгі борыш өтелді, сондай-ақ жалпы сомасы 191,7 млрд теңге болатын АҚШ МБҚ бөлігі іске асырылды.

Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 653,3 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,16 %-ды құрады.

Бұл ретте 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы қарашаға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,4% мөлшеріндегі инфляция кезінде 8,13%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,73 %-ды құрады.