Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Коллекциялық монеталарды айналысқа шығару туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 27 желтоқсанда номиналы  500 теңгелік «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «QYZ UZATÝ» коллекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «TOBYL OISHYLY» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

 Монеталарды сату Ұлттық Банктің барлық аумақтық филиалдарында 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

«QYZ UZATÝ» монеталарының сипаттамасы:

Монеталар қазақтың ежелгі дәстүрі «Қыз ұзатуға» арналған, ол қалыңдықты өз үйінен жаңа отбасына шығарып салу дәстүрін білдіреді. Жаңа өмірдің бастауы іспеттес қазақтың бас киімі – сәукеле монетаның дизайнындағы негізгі элемент болып табылады.

Күміс монетада голографиялық бейнені салу технологиясы қолданылды.

Кыз узату_500.jpg


Кыз узату_100.jpg

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан. Айналдыра латын графикасында мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Сол және оң жақ секторында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Төменгі бөлігінде «TEŃGE» деген жазба, монеталардың номиналдарын білдіретін күміс монетада «500» және мельхиор қоспасынан жасалған монетада «100» деген сан бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) диаметрі 1 мм гауһар қондырылған, қалыңдықтың «сәукеле» ұлттық бас киіміндегі бейнесі орналасқан. Бас киімнің бетпердесі голографиялық бейне технологиясын қолдана отырып дайындалған. Кейбір сәндік элементтер «antiproof» соғу сапасымен орындалған. Монетаны айналдыра алма бұтақтары, гүлдері және піскен жемістері – құнарлылық пен молшылық нышаны бейнеленген. Монетаның оң жақ бөлігінде туған үйінен тыс жаңа өмірдің бастауын білдіретін ұясынан ұшып шыққан балапанның бейнесі бар. Күміс монетаның сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазба бар. Оң жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, латын графикасында мемлекеттік тілде «QYZ UZATÝ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2019» деген сан орналасқан.

Техникалық сипаттамалары:

Монеталар:

1) 925/1000 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 000 дана;

2) МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 11,17 грамм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», таралымы – 30 000 дана.

«TOBYL OISHYLY» монеталарының сипаттамасы:

Тобыл ойшылы – құмтастан жасалған әйгілі адам мүсіні, Қазақстан Ұлттық мұражайының коллекциясында бар. Мүсін жаңа заманға дейінгі III мыңжылдықтың соңы – II мыңжылдықтың басы ретінде даталанған. 1976 жылы Қостанай қаласының маңында табылды.

«Дала қазынасы» сериясында «TOBYL OISHYLY» монетасы тантал қондырманы бейнелеу пішіні бойынша қолданудың бірегей технологиясымен жасалған алғашқы биколорлы монета болады.

Тобольский.jpg

Аверсінде  монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда «QAZAQSTAN  RESPÝBLIKASY», «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар, монетаның номиналын білдіретін «500 TEŃGE» деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 926 16g  Ta 13,5g» деген жазба орналасқан. Монетаның ортасында ою-өрнек қоршауында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Реверсінде «Тобыл ойшылының» стильдендірілген мүсіні әлемнің пайда болу құпияларын және жұмбақтарын ашуға талпынатын адам ойының данышпандығын бейнелейтін белгілі ғылыми нышандардан тұратын коллаж аясында орналасқан. Монетаны айналдыра күңгірт жиек жүргізілген, онда соғылған жылы және «TOBYL  OISHYLY»,  «TOBOL THINKER» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2019» деген жазба орналасқан.

Техникалық сипаттамалары:

Биколорлы монеталар массасы 29,5 грамм танталы бар күмістен (дискі – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 16 грамм, қондырмасы – массасы 13,5 грамм тантал) дайындалған, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 000 дана.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

«Brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық орауда шығарылады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Коллекциялық монеталарды 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтының интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.