Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2019 жылғы 27 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 3 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 3 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға әлсіреп (380,44-тен), бір АҚШ доллары үшін 382,59 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 27 желтоқсан 2020 жылғы 3 қаңтар аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ Президенті ҚХР-мен мәміленің бірінші сатысы туралы сауда келісіміне 15 қаңтарда қол қоятыны туралы хабарлады. АҚШ-тың әуе соққысы нәтижесінде Иранның жоғары қызметтегі чиновнигінің бірі мерт болды, бұл елдер арасындағы шиеленісудің ушығуына әкелді. Еуроаймақтың өндірістік саласындағы іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда талдаушылардың күтілерінен жақсы ұлғайды. АҚШ-тың өндірістік секторында іскерлік белсенділік индексі 2019 жылғы желтоқсанда 2009 жылдан бері ең төменгі деңгейге дейін 47,2 белгіге дейін төмендеді. Қытайдың Орталық Банкі кредиторлар резервте ұстауы тиіс ақша қаражатының көлемін қысқартты және 2020 жылы компанияларға арналған қарыздар бойынша шығындарды қысқарту бойынша іс-қимылды жалғастыратынын мәлімдеді.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.   

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

·         Индонезия рупиясы Д. Трамптың қаңтарда ҚХР-мен сауда келісіміне қол қоюға дайын болуы туралы мәлімдемесі, сондай-ақ АҚШ пен Иранның арасында қақтығыс ушығуы жағдайында қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында ОБ валюталық өтемділігі аясында 0,2%-ға (13 952-ден 13 930-ға дейін) нығайды;

·         Ресей рублі мұнай бағасы өсу аясында 0,1%-ға (62,16-дан 62,07-ге дейін) нығайды. Жылдық инфляция желтоқсанда 3%-ға дейін баялады, ол негізгі мөлшерлеменің кезекті төмендеу мүмкіндігін ұлғайтады;   

·         Бразилия реалы бөлшек сатылым 6,5%-ға өсуіне қарамастан, АҚШ-тың әуе соққыларынан және АҚШ пен Иранның өзара қарсыластығынан инвесторлардың тәуекел дәрежесі нашарлауы аясында 0,2%-ға (4,05-тен 4,06-ға дейін) әлсіреді;

·         Мексика песосы Ирандағы шиеленісу аясында 0,3%-ға (18,85-тен 18,91-ге дейін) әлсіреді;

·         түрік лирасы инфляцияның жеделдеуі жөніндегі ақпарат шығуы аясында 0,3%-ға (5,95-тен 5,97-ге дейін) әлсіреді, бұл ақша-кредит саясатының одан әрі жеңілдету мүмкіндігін төмендетеді;

·         үнді рупиясы АҚШ пен Иранның арасында әскери қақтығыс ушығуы аясында 0,6%-ға (71,36-дан 71,81-ге дейін) әлсіреді;

·         Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекел дәрежесі төмендеуі және борыштық құралдар нарығынан инвесторлардың кетуі аясында 1,9%-ға (14,03-тен 14,3-ке дейін) әлсіреді.




[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

Screenshot_3.png

Дамушы елдер валюталарының серпіні (2019 жылғы 20 желтоқсан = 100,

индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Screenshot_4.png