Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 3-10 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,3%-ға нығайып (382,59-дан), бір АҚШ доллары үшін 377,46 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 3-10 қаңтар аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс одан әрі дамуына қатысты қауіп Д.Трамптың Иранға қарсы әскери операциядан бас тарту туралы мәлімдемесі аясында төмендеді, сонымен қоса АҚШ Президенті экономикалық санкциялар енгізілгені туралы жариялады. АҚШ-та қызмет саласындағы іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда талдаушылардың болжамынан көп 55-ке дейін ұлғайды. АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша есеп жарияланды: желтоқсанда а/ж салаларда жұмыс орындарының өсуі талдаушылардың күтілерінен шамалы аз болды, жұмыссыздық деңгейі 3,5% деңгейінде қалды. ҚХР Коммерция министрлігінің хабары бойынша ҚХР вице-премьері Вашингтонға 13-15 қаңтар аралығындағы сапары барысында АҚШ-пен бірінші сатыдағы сауда мәмілесі туралы келісімге қол қояды.

Бұл факторлар АҚШ долларының бағамы дамыған елдердің валюталарына қатысты нығаюына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні мынадай қалыптасты:

·      Ресей рублі инвесторлардың тәуекел дәрежесі жақсаруы және АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың төмендеуінен қаржы нарықтарындағы жағдай тұрақтануы аясында 1,7%-ға (62,07-ден 61,03-ге дейін) нығайды. Газды Түркияға және транзитпен Еуропаға жеткізу үшін Түрік ағыны жаңа газқұбыры пайдалануға берілді;

·      түрік лирасы АҚШ пен Иранның барынша ауыр әскери қақтығыстан бас тартуы жөніндегі хабарлардың аясында 1,5%-ға (5,97-ден 5,88-ге дейін) нығайды;

·      үнді рупиясы АҚШ пен ҚХР арасында сауда келісіміне тез арада қол қою себебі бойынша оптимизм, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы төмендеуі аясында, Статистика министрлігінің экономикалық өсім 2019 жылы[2] 5%-ға дейін баяулауы туралы болжамы жариялануына қарастан 1,2%-ға (71,81-ден 70,94-ке дейін) нығайды;

·      Индонезия рупиясы инвесторлардың тәуекел дәрежесін жақсаруы, капиталдың әкелінуі және ОБ өкілдерінің реттеуші ағымдағы шот тапшылығы азаюы перспективасы мен тұрақты инфляциядан валютаның одан әрі нығаюына мүмкіндік беретіні туралы түсініктемелері аясында 1,1%-ға (13 930-дан 13 772-ге дейін) нығайды. Индонезия 10 және 30 жылдық еуробондтарды орналастыру нәтижелері бойынша
$ 2 млрд тартты;

·      Мексика песосы инвесторлардың тәуекел дәрежесі жақсаруы, $2,3 млрд сомаға еурооблигацияларды сәтті орналастыру (сұраныс ұсыныстан 6 есе асып түсті) аясында 0,6%-ға (18,91-ден 18,8-ге дейін) нығайды;

·               Оңтүстік Африка ранды Eskom энергетикалық компаниясының электр қуатымен іркілістің жұмаға дейін ұзартылғаны туралы хабары аясында 0,5%-ға (14,3-тен 14,37-ге дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы қарашада өнеркәсіптік өндірістің 1,2%-ға м/м төмендеуі туралы деректердің шығуы аясында 1%-ға (4,06-дан 4,1-ге дейін) әлсіреді.


[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

[2] Фискалды жыл – бір жыл үшін 2020 жылғы наурызға дейін


Screenshot_1.png

Дамушы елдер валютасының серпіні (2019 жылғы 27 желтоқсан =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)


Screenshot_2.png