Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Банктермен жұмыс бойынша AQR екінші кезеңінің нәтижелері ақпанда жария етіледі – Н. Әбдірахманов

Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалаудың (AQR) бірінші кезеңі аяқталды. 2019 жылғы қызметтің, қаржылық және реттеушілік есептіліктің нәтижелерін қалыптастыруды ескере отырып, банктер жан-жақты шаралар жоспарларын әзірлеуде. Әрбір банк бойынша жоспарлар қаржы реттеушісіне мақұлдауға жіберілетін болады. Бұл процесс 2020 жылғы 15 ақпанға дейін аяқталатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов AQR жүргізу туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Мәжіліс залының сыртында жауап берді.

«Қорытынды нәтижелердің алынуына қарай ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке шараларды әзірлеуге және банктермен талқылауға кіріседі», - деді ол.

otsenka-dlya-msfo1.png

Оның айтуынша, активтердің сапасын бағалау рәсімінің екінші кезеңінде банктермен жұмыстың қорытынды нәтижелерін қаржы реттеушісі 2020 жылғы 28 ақпанда AQR қатысушы банктер бойынша ұсынады. Сонымен қатар  AQR қорытындысы бойынша тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіруге және банктердегі бизнес процестерді жақсартуға бағытталған жүйелік шараларға бастама жасалады.

Н. Әбдірахманов Қазақстан банк секторының жай-күйін зерделеудің Еуропалық Орталық Банктің әдіснамасына сәйкес жүргізілгенін атап өтті, ол бірыңғай халықаралық сапа стандарттарының сақталуына кепілдік береді және халықаралық қоғамдастық тарапынан бағдарлама нәтижелеріне сенімді қамтамасыз етеді. Банктер активтерінің сапасын бағалау қорытындылары бойынша есеп дайындалды, онда қолданылған тәсілдің жалпы сипаттамасы, жүйелі негіздегі активтердің сапасын бағалау нәтижелері және кейінгі іс-әрекеттердің тізбесі қамтылған.

Банк  секторы активтерінің сапасын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқанын еске саламыз. AQR көлемі жағынан бұрын-соңды болмаған бағдарлама болып табылады, ол қатысушы банктердің және тұтастай алғанда бүкіл қаржы индустриясының жай-күйі туралы қолжетімді ақпарат сапасын және маңызын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. 2019 жылғы 1 тамызда іске қосылған активтер сапасын бағалауға 14 ірі банк қатысты, олардың үлесіне банктер активтерінің жалпы көлемінің 87%-ы және несие портфелінің 90%-ы тиесілі.