Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Н. Әбдірахманов жаңа қаржы реттеушісінің қызметі туралы айтып берді

Жаңа қаржы реттеушісінің негізгі міндеттері, функциялары мен миссиясы туралы бүгін Мәжіліс залының сыртында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н. Әбдірахманов айтып берді.  

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа қаржы реттеушісі – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРА – редакцияның ескертпесі) жұмыс істей бастады. Қазақстан Ұлттық Банкін одан Агенттікті бөлу жолымен қайта ұйымдастыру жөніндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 11 қарашада қол қойды және ол 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді», - деп еске салды                            Н. Әбдірахманов.

Қаржы реттеушісінің өкілі атап өткендей, қаржы нарығын реттеу және дамыту, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету және қаржы нарығында адал бәсекелестікке қолдау көрсетуге бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету ҚРА-ның негізгі міндеттері мен миссиясы болып табылады.    

«Қаржы реттеушісі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржы ұйымдарына және өзге ұйымдарға шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдануға, оның ішінде уәжді пайымдауды, санкцияларды және Қазақстанның заңдарында көзделген өзге шараларды қолдануға құқылы», - деді Н. Әбдірахманов.