Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Н. Әбдірахманов: «Қазақстанда Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы ойдағыдай іске асырылуда»

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н. Әбдірахманов бүгін Мәжіліс залының сыртында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.

«Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап ойдағыдай іске асырылуда және ипотекалық қарыз алушылар үшін жалғыз баспанасын сақтап қалуға, борыштық жүктемесін төмендетуге және валюталық тәуекелді алып тастауға бағытталған. Бағдарламаның бірінші бөлігінің шеңберінде 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру көзделген. Ұлттық Банк қарыз алушыларды қолдау үшін 130 млрд теңге бөлді», - деп айтты Н. Әбдірахманов.

ipoteka_refinansirovanie.jpg

Оның айтуынша, Бағдарлама ойдағыдай іске асырылуда және бүгінгі күні Бағдарлама шеңберінде 28 мың қарыз алушыға 171,4 млрд теңге сомаға көмек көрсетілді, қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша 56 млрд теңгеден астам сомадағы берешегі төмендетілді. «Банктер бөлген қаражат толық көлемде игерілді және револьверлік тетікті ескере отырып, қайта қаржыландырылған қарыздардың саны 2035 жылға дейін 40 мыңнан астам болады», - деп атап өтті Н.Әбдірахманов.

Бағдарламаның екінші бөлігі 2018 жылғы 27 наурызда іске қосылды және жеке тұлғалардың валютамен ипотекалық қарыздарын  Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) қайта қаржыландыруды көздейді. Бағамдық айырманың сомасы       (156 млрд. теңге) Ұлттық Банктің қаражаты есебінен өтеледі. Банктер  136 млрд. теңгеден астам сомаға қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешектерін төмендетеді.

«Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 9 мыңнан астам өтінім берілді, оның ішінде 78,7 млрд. теңге сомаға 8 840 қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды», - деп мәлімдеді Н. Әбдірахманов.

«Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асырудың жүйелі талдауы ХӘОТ санаты бойынша Бағдарлама аясында қарыздарын қайта қаржыландырған қарыз алушылар, сондай-ақ жалғыз баспанасы  қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау есебіне банктердің балансына өткен қарыз алушылар қосымша мемлекеттік көмекке мұқтаж екенін көрсетті»,- деп атап өтті ол. – Қарыз алушылардың осы санаты үшін кірістің негізгі түрі әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен төленетін жәрдемақылар, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек болып табылады».

Ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасында 2021 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген. Бұл көмек Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 2019 жылғы 23 желтоқсанда бекіткен Бағдарламаға өзгерістер мен  толықтырулар аясында көрсетіледі.

Н. Әбдірахманов осы өзгерістер шеңберінде банктерге қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын мұқият жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен тараптардың келісім бойынша ипотекалық қарыздарға қызмет көрсете отырып, қиындықтарды бастан кешірген ХӘОТ санатына жататын қарыз алушыларды оңалтудың қосымша тетіктерін қолдану құқығы берілгенін еске салды.

«Қарыз алушының меншігіне банк балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыны қаржыландыруды жүзеге асыру немесе одан әрі сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді жалға беру құқығы беріледі», – деп нақтылады қаржы реттеушісінің өкілі.

Н. Әбдірахманов атап өткендей, проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен одан әрі жұмыс Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер алаңында жеке тәртіппен жүзеге асырылатын болады.