Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Депозиттер: жинақтау мақсатына байланысты салымды қалай таңдау қажет?

Ақша жинай білуөзін-өзі тәрбиелеу қажет маңызды қаржылық әдет. Ең танымал және кеңінен қолданылатын банк қызметтердің бірі депозит - ақшаны сақтауға және көбейтуге көмектеседі. Оның мәні қарапайым: біршама ақша сомасын банкке салуға, ал уағдаласқан уақыт өткеннен кейін пайыздарымен алуға болады.

Group 68.png

Салымның бірнеше түрі мерзімді, мерзімді емес және жинақ салымдары бар.

Мәселен, мерзімді емес салым – бұл ең қалыпты депозит, бұл клиенттің «қосалқы әмияны» десек болады, одан кез келген уақытта және кез келген көлемде, салынған сома шегінде ақша алуға болады. Мерзімді емес салым айтарлықтай кіріс әкелмейді, есесіне ақшаны салымның бүкіл мерзімі бойы пайдалануға болады.

Group 63.png

Мерзімді салым неғұрлым жоғары кірістілік алуға мүмкіндік береді. Бұл белгіленген мөлшерлеме бойынша  сыйақы төлей отырып, мерзімін бұрын қайтаруды талап ету құқығымен белгілі бір мерзімге енгізілетін салым. Бұл салымдар бойынша депозиттен ақшаны төмендетілген сыйақымен ішінара және толық мерзімінен бұрын алуға жол беріледі.

Group 75.png

Ең жоғары кірістілік жинақ салымында. Алайда жинақ салымдары бойынша ішінара мерзімінен алуға жол берілмейді, тек толық мерзімінен алуға болады. Мерзімінен бұрын ақша алған кезде банк есептелген сыйақыны жылдық 0,1%-ға дейін немесе одан да төмен азайтады, ал ақша 30 күннен бұрын берілмейді.

Group 76.png

Депозиттердің қайсысы жақсырақ? Бұл сіздің алға қойған мақсатыңызға байланысты. Егер ақшаны болашақтағы оқуға немесе саяхаттауға жинағыңыз келсе, жинақ салымын ашуға болады, алайда депозитке салатын дәл осы ақшасыз ұзақ уақыт бойы күн көре алатыныңызға сенімді болуыңыз қажет. Егер сізге күтпеген жағдайлар үшін ақша жиі қажет болатын болса, онда мерзімді емес депозит ашқан дұрыс. Егер сіз жинағыңызды  жоғары сыйақы мөлшерлемесі бойынша белгілі бір мерзімге орналастырғыңыз келсе, алайда ақшаны жұмсауда ұтқырлықты жоғалтқыңыз келмесе, онда мерзімді салымды таңдай аласыз.

Group 70.png

Тағы айта кететін жайтбарлық теңгелік депозиттерге Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі қолданылады.

 Жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша кепілдік берудің барынша көп сомасы 15 миллион теңгені құрайды; мерзімді және мерзімді емес депозиттердің барлық түрлері үшін — 10 миллион теңге; шетел валютасымен депозиттер бойынша — 5 миллион теңгемен көрсеткіште. Егер салымшыда бір банкте бір мезгілде теңгемен де, сол сияқты шетел валютасымен де орналастырылған екі және одан да көп депозиті болса, онда оған 15 миллион теңгеге дейін жиынтық кепілді өтемақы төленеді.

Қаржылық сауаттылықтарыңызды  www.fingramota.kz - мен бірге арттырыңыздар!