Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері KASE және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Директорлар кеңесінің құрамына кірді

«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіндегі, эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша Директорлар кеңесінің комитетіндегі және Листинг комиссиясындағы өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 44 бұйрығымен Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева KASE Директорлар кеңесінің мүшесі, Агенттіктің Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша Директорлар кеңесінің комитетіндегі және «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың Листинг комиссиясындағы мүшесі болып тағайындалды.

Фото Хаджиевой М.Ж..jpg

Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіндегі өкілін тағайындау туралы» Агенттік Төрағасының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 45 бұйрығымен Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.