Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Азаматтардың борыш жүктемесін азайту жөнінде іске асырылған шаралар туралы

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығының (бұдан әрі ­– Жарлық) шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған реттеуші шаралар кешенін іске асырды.

b06ba6e1467e41ebc656e9cbaad-1-1140x646.jpg

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» заңдарға жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кепілсіз тұтынушылық қарыздары (микрокредиттері) бойынша тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есепке жазуға тыйым салу белгіленетін түзетілер енгізілді. Бұл шара азаматтарды қарыз бойынша мерзімін өткізіп алған кезде берешек сомасының үнемі ұлғаюынан қорғау мақсатында қабылданды.

Бұл шектеу, егер шарт жасау күні негізгі борыштың сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілсе, қарыз (микрокредит) шарттарына қолданылмайды.

Шектеу бұрын жасалған банктік қарыз (микрокредит) шарттарына қолданылады, ағымдағы жылғы 10 қаңтарға (түзетулер қолданысқа енгізілген күн) дейін төленген айыппұлдар мен комиссиялар қайта есептелмейді.

Осылайша, азаматтардың жоғарыда көрсетілген қарыздары (микрокредиттері) шеңберінде 90 күннен астам мерзімі өткеннен кейін есептелген, бірақ қарыз алушы төлемеген айыппұлдар мен комиссиялар бойынша берешекті кредитор толық есептен шығарады.

Борыш жүктемесін азайтуға бағытталған қосымша шара ретінде қарыз алушының екі кезеңде есептелетін борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу арқылы іске асырылатын күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға қарыз беруге тыйым салу белгіленді.

Бірінші кезеңде қарыз алушының кредит қабілеттілігін алдын ала бағалау жүргізіледі, ол қарыз алушының төлем қабілеттілігін куәландыратын дәйекті деректерге (ресми табысы, банктік шоттардағы сома, оң кредиттік тарих және т.с.) негізделеді.

Қарыз алушы табысының мөлшері күнкөріс деңгейінің және отбасының кәмелет жасқа толмаған әрбір мүшесінің күнкөріс деңгейі жартысының сомасынан асып кеткен жағдайда, банктер екінші кезең шеңберінде, қолданыстағы әдістемеге сәйкес бағалауды жүзеге асырады. Бұл ретте қарыздар бойынша төлемдер сомасы қарыз алушы табысының 50%-нан аспауға тиіс.

Қарыз алушының екінші кезеңдегі табысы туралы мәліметтердің тізбесін әрбір банк немесе микроқаржы ұйымы дербес айқындайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қатысты борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу табыс туралы ресми деректердің негізінде ғана жүзеге асырылады.

Пруденциялық реттеу шеңберінде банктердің меншікті капиталына мынадай үш өлшемге ­– қарыз алушының берешегінің сомасына, оны артық төлеу деңгейіне және табысты ресми растауға қарай кепілсіз тұтынушылық қарыздарға қатысты жоғары талаптар белгіленді.

Қорытындылай келе, көрсетілген барлық шара банктерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жауапты кредиттеу қағидаттарын бұзбауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қасақана төлем жасауға қабілеттілігі жоқ тұлғалардың қарыз алу мүмкіндігін шектейді.


Ақпарат көздері: www.Finreg.kz