Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

М. Әбілқасымова қаржы реттеушісінің 2020 жылға арналған жоспарлары жайында айтып берді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М. Әбілқасымова бүгін Үкіметтің отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қаңтарда кеңейтілген отырыста айтылған тапсырмаларының іске асырылуы шеңберіндегі шаралар туралы айтып берді.

Қаржы реттеушісінің осы шаралар шеңберіндегі жұмысының бағыттарының бірі - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде банк жүйесін қалыпқа келтіру.
М. Әбілқасымова хабарлағандай, ағымдағы жылғы ақпанда 2019  жылы басталған банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады.

«Банк секторын қалыпқа келтіру бюджет қаражатын пайдаланбай нарықтық жағдайларда провизиялар мен капиталдың барабар қорын құру арқылы жалғасады», - деп атап өтті ол. Оның айтуынша, тиісті тәсілдер осы жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін әзірленеді.

М. Әбілқасымова қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жүйелі түрде толық ауқымды негізде банк және сақтандыру секторларында тәуекелге бағдарланған қадағалау (ТБҚ) енгізілетінін хабарлады. «ТБҚ Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес аясында Агенттік пен Ұлттық Банктің бірлесіп жүргізетін макропруденциялық реттеу шараларымен күшейтіледі», - деп нақтылады ол.

Абылкасымова фото.jpeg

«Банк жүйесін қалыпқа келтіру банктердің экономиканы кредиттеуін ұлғайтуға ықпал ететін болады», - деп жалғастырды М. Әбілқасымова. Сонымен бірге шағын және орта бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейту үшін, оның ішінде экономиканың басым салаларын кредиттеу бағдарламасы шеңберінде шаралар ұсынылатынын да айтты.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметінің тағы бір бағыты - кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің қарқынды өсуіне жол бермеу.

М. Әбілқасымова еске салып кеткендей, биылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылық кредит беруде тәуекелдерді шектеу бойынша заңнама нормалары қолданысқа енгізілді. «Агенттік тұтынушылық кредит берудің қарқынды өсуін шектеу үшін қабылданған реттеуші шаралардың тиімділігіне мониторингті жалғастырады», - деді ол. Оның айтуынша, Агенттік  2020 жылғы бірінші жартыжылдықта халықтың борыш жүктемесінің шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін қосымша реттеуші шаралар қабылдайды.

«Мемлекет басшысы бүкіл қаржы секторын кешенді дамыту бойынша қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, Агенттік Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңартып, ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін жаңа редакцияда қабылдайды», - деп М. Әбілқасымова қаржы реттеушісінің Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары шеңберіндегі қызметінің кезекті бағытын атап өтті.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М. Әбілқасымова айтып өткендей, қаржы қоғамдастығымен бірлесіп инвестициялаудың және капитал тартудың қосымша мүмкіндіктерін жасау үшін қаржы секторын дамыту бойынша кешенді шаралар әзірленеді.

 «Сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша жаңа қаржы құралдарын реттеу мен әзірлеуді жетілдіру бөлігінде қажетті заңнамалық өзгерістер дайындалады. Тиісті заң жобасын Үкіметке осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр», - деді М. Әбілқасымова.

Ақпарат көздері: www.Finreg.kz