Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2019 жылда микроқаржы ұйымдарының іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы

 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2019 жылдың нәтижелері бойынша МҚҰ[1] неғұрлым жиі жол берген микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына мониторинг және талдау жүргізді.

Анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша МҚҰ-ға қатысты 57 ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде:

- 16 әкімшілік іс, оларды қарау қорытындысы бойынша мыналар шығарылды: 4 270 100 теңге сомаға 14 әкімшілік айыппұл түрінде, 2 ескерту;

- 41 шектеулі ықпал ету шаралары, оның ішінде: 38 жазбаша ұйғарым, 3 жазбаша ескерту.



 

МҚҰ атауы

Жалпы санынан  %-бен

  Шаралар саны

«KOOLMONEY» МҚҰ» ЖШС

7,02%

4

«Жетісу» МҚҰ» ЖШС

5,26%

3

«Солтүстік Қазақстан кредиттеу қоры» МҚҰ» ЖШС

5,26%

3

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС

5,26%

3

«i – CREDIT.kz» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«Жаңа Қаржы» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«Атамекен» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«TAS MICROFINANCE» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«Шинхан Финанс» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«Finbox» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«Орта Азия микроқаржы ұйымы» ЖШС

3,51%

2

«Қамқор» МҚҰ» ЖШС

3,51%

2

«SATOR» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ALHalal Finance» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Bailyq» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«СЕНІМ-VMY» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«KMF (КМФ)» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Credital» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Көмек» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ҚАЗЫНА КРЕДИТ» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«TRUST FINANCE» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Береке» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Алтын Пайда» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Express Finance Group» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Inkar & A» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Жаркент-Финанс» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Nova Credit» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ProfitЦентр» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ZoloTo» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«HeartAsiaCredit» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ИнвестКредитМаркет» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«CreditSun» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ИнвестКредитМаркет» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Болашақ Инвест Финанс» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«∑парта Сapital» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«ҚазМикроИнвест» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Сенат 2050» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Вailyq» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«МАКС-М» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

«Кредит - регион» МҚҰ» ЖШС

1,75%

1

Жалпы жиынтығы

100,00%

57

Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ-дың:

- қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті есептен шығару тәртібін (төлем талабын пайдаланбай) бұзуына;

- кредиттік бюроға мәліметтерді уақытылы бермеуіне;

- микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуіне;

- Қазақстан Республикасының Заңдары және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарын саұқтамауына байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті;

Микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың микроқаржы ұйымдарының қызметтеріне шолу жүргізуі және оларды дербес айқындауы үшін Агенттік МҚҰ-ға қатысты қабылдаған шаралар туралы ақпаратты өзінің ресми интернет – ресурсында (www.finreg.kz) орналастырады.

МҚҰ-дың бар және әлеуетті клиенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру және құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Агенттік мыналарды хабарлайды.

1.        Микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылатын міндетті талаптарға қатысты

Кодекстің[2] 383-бабының 1-тармағына сәйкес шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.

03.07.19ж. Заңға[3] сәйкес МҚҰ туралы заңға[4] өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтың заңнамасында[5] белгіленген талаптарды ескере отырып, микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекітеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 232 қаулысымен Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптар, микрокредитті өтеу кестесінің нысаны бекітілді.

Жеке тұлға - қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында микрокредит беру туралы шарттың міндетті талаптары белгіленді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тараптардан басқа және тараптардың келісімі бойынша микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға (микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен онлайн- кредиттік серіктестіктер) көзделген.

01.01.2020ж. бастап микрокредит беру туралы шарттың маңызды талаптарын көрсету үшін шарттың бірінші парағы болып табылатын титул парағы көзделген және микрокредит беру талаптарын, сомасы мен мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін, жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесін, артық төлем сомасын, өтеу әдісі мен тәсілін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мөлшерін қамтиды.

Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:

-       сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;

      - аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымы сол сияқты микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобалары ұсынылуы мүмкін;

Бұл ретте микрокредитті өтеу графигіне тараптар міндетті түрде қол қояды және шартқа қоса беріледі;

Одан басқа микрокредит мынадай тәсілмен: біржолғы не ішінара төлем, қолма-қол ақшамен – касса арқылы не электрондық терминалдар арқылы, қолма-қол жасалмайтын әдіспен – ұйымның банктік шотының деректемелерін көрсете отырып өтелу мүмкін.

2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым:

1) ұйымның шарт бойынша құқықтарының (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасаған кезде қарыз алушыға (немесе оның уәкілетті өкіліне):

– талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ шартта көзделген не ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен осындай басқаға өтуге байланысты қарыз алушының дербес деректерін өңдеу туралы;

– талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микрокредитті өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен үшінші тұлғаға өткені туралы хабарлауға;

2) ұйым шартта көзделген тәртіппен жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушыға шарт талаптарының өзгергені туралы хабарлауға;

3)    тараптар қол қойған шартқа микрокредитті өтеу кестесін қоса беруге міндетті.

Егер қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, микрокредитті беру күні жасалған микрокредитті өтеу кестесі, сондай-ақ ұйым ұсынған қарыз алушының (тең қарыз алушының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар микрокредитті өтеу әдістерінің тізбесін қамтиды.

Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соқтыратын микрокредиттің шарттарын өзгерткен кезде ұйым жаңа талаптарды ескере отырып, микрокредитті өтеудің жаңа кестесін жасайды және қарыз алушыға береді.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға:

1) микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және қарыз алушыдан алуға;

2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;

3) микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредиттің осмасын ұлғайтуға;

4) егер негізгі қарыз немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күнге тұспа-тұс келіп, сыйақы немесе негізгі қарызды төлеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлетуге;

5) кез келген валютаның баламасына байланыстырылып, теңгемен берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді және төлемдерді индекстеуге тыйым салынған.

3. Микрокредиттер бойынша ЖТСМ[6] шекті мөлшеріне қатысты

МҚҚ туралы заңның 5-бабында микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс екені белгіленген.

Берілетін микрокредиттер бойынша ЖТСМ есептеу қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

№377[7] қаулыда ЖТСМ шекті мөлшері бекітілді, ол микрокредит беру туралы шарт жасау күніне, сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдер енгізілген немесе өзгерген күніне 56 (елу алты) пайыздан аспауы тиіс.

Бұл ретте ЖТСМ 56 % шекті мөлшері жеке тұлғамен қырық бес күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге жасалған, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шекті мәннен аспайтын сыйақы төлеуді белгілей отырып тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредит беру туралы шартқа жатпайды.

4. МҚҚ туралы заңда белгіленген шекті мөлшерінен асатын сомаға микрокредит беруге қатысты

МҚҚ туралы заңның 3-бабының 1.1-тармағына сәйкес микроқаржылық қызметке:

      1) кредиттік серіктестіктердің өз қатысушыларына микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;

      2) ломбардтардың жеке тұлғаларға жеке пайдалануына арналған жылжымалы мүлкін кепілге қойғыза отырып республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде бір жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;

      3) микроқаржы ұйымдарының жеке және (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады.

2020 жылға айлық есептік көрсеткіш «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2 651 теңге мөлшерінде белгіленді.

Жоғарыда көрсетілген талаптар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгенін және уәкілетті органда есептік тіркеуден өткен ұйымдарға қолданылатынын атап өткен дұрыс.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттіктің жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлердегі – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына:

- Агенттікке, мынадай мекенжай бойынша: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй жазбаша;

- құқықтық көмек алу үшін мынадай мекенжай бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй, анықтама телефондары +7 (727) 2788 104 (ішкі 5571, 5573);

- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтының «Агенттік туралы» бөлімінде, «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» шағын бөлімдерінде көрсетілген мекенжайлар бойынша) өтініш жасауға құқылы.

Сондай-ақ, МҚҰ туралы заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін онымен микрокредит беру туралы жасалған шарт бойынша құқықтарын (талап ету) берген жағдайда банк омбудсманына өтініш жасауға болады. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады. Банк омбудсманының деректемелері: А15GП8Е2, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй, 302-офис., тел.: +7 (727) 2612 216, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.


[1] Микроқаржы ұйымдары


[2] Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі


[3] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

[4] «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


[5] «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағы


[6] Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі


[7] «Жылдық тиімті сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.12 жылғы № 377 қаулысы