Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша сақтандыру ұйымдарының іс-әрекетінде 2019 жылы анықталған бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2019 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген құжаттамалық тексерулердің нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру ұйымдарының қызметіне қатысты өтініштері мен шағымдары бойынша көрсетілген кезеңде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуларына мониторинг және талдау жүргізді.

            Сақтандыру ұйымының қызметінде сақтандыру ұйымының қаржылық орнықтылығына айтарлықтай әсер етпейтін және оның қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру ұйымының сақтанушыларының (пайда алушыларының) мүдделеріне қауіп төндірмейтін кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды анықтау кезінде Агенттік қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.

            2019 жылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде сақтандыру ұйымдарына қатысты 12 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:

         - 2 әкімшілік айыппұл;

         - 10 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы.

Жүргізілген талдаудың нәтижелері сақтандыру ұйымдарының:

          -    сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмауға;

          -   зақымдалған көлік құралын тексеру және бағалау тәртібінің сақталмауына, оның ішінде тексеру мерзімдерінің, қабылданған құжаттар туралы анықтаманы, зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініштің нысанын, зақым калькуляциясын ресімдеу тәртібінің сақталмауына;

          - қарыз шартының және сақтандыру шартының заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті.

Сақтандыру ұйымдары бойынша 2019 жылы қабылданған ықпал ету шараларының және санкциялардың (айыппұлдардың) саны төмендегі кестеде келтірілді:


Сақтандыру ұйымының атауы

Жалпы санынан   %-бен

   Шаралардың саны

«Еуразия сақтандыру компаниясы» АҚ

16,67%

2

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ

16,67%

2

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ

8,33%

1

«Лондон-Алматы» СК» АҚ

8,33%

1

«Еуразия» СК» АҚ

8,33%

1

«ИНТЕРТИЧ» Қ ДСжМС К» АҚ

8,33%

1

«Виктория» СК» АҚ

8,33%

1

«Коммеск-Өмір» СК» АҚ

8,33%

1

«НОМАД Иншуранс» СК» АҚ

8,33%

1

«Цеснабанк» АҚ ЕҰ» «Цесна Гарант» АҚ

8,33%

1

БАРЛЫҒЫ

100,00%

12

  

                                                                                       

        

2019 жылы сақтандыру ұйымдарына қатысты салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін 505 000 теңге болды.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сол немесе өзге сақтандыру ұйымының қызметтерінің тиімділігі мен сапасын шолуы және өз бетінше айқындауы үшін Агенттік сақтандыру ұйымдарына қолданылған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) туралы ақпаратты «Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар» бөліміндегі ресми интернет-ресурсқа (www.finreg.kz) орналастырады.

Осы кезеңдегі өтініштер мен шағымдардың өзекті мәселелері көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, аннуитеттік сақтандыруға, автомобиль көлігін, кепіл мүлкін, өмірді сақтандырудың ерікті түрлеріне, өмірді жинақтап сақтандыруға байланысты.

Агенттік сақтандыру ұйымдарының қазіргі, сол сияқты әлеуетті клиенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру және заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында мынаны хабарлайды.

Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша тараптар қол қойған шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жасалынған деп саналады. Осыған байланысты сақтандыру ұйымын таңдау кезінде сақтандыру ұйымына қатысты қабылданған шектеулі ықпал ету шараларына және санкцияларға ғана емес, сондай-ақ оның қаржылық жағдайына (сенімділік рейтингтері, қаржылық тұрақтылық, тарифтер және жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері) және сақтандыру шарттарының талаптарына, әсіресе мыналарға назар аударған жөн:

-   сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері;

-   сақтандыру сомаларының мөлшері;

-   франшизалар;

-  сақтандыру жағдайларының тізбесі;

- сақтандыру ұйымын сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері;

-  сақтандыру жағдайларынан ерекшеліктер;

- «сақтандыру аумағы» - сақтандыру шарты қолданылатын аумақ (Қазақстан қаласы);

- сақтандыру ұйымына сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау мерзімі мен тәртібі;

- сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы мәселені қарау үшін қажет ететін құжаттардың тізбесі;

-   шартты бұзу, оның ішінде мерзімінен бұрын бұзу талаптары.

Бұдан басқа, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 3-тармағына сәйкес мүлкіне зиян келтірілген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ аталған өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жай-күйде болса, сол жай-күйде осы мүлікті сақтап, сақтандырушының бүлінген мүлікті қарап-тексеруіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.

Заңның 29-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, аталған талаптарды бұзу  сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негізi болып табылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың назарын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банктен және оның аумақтық филиалдарынан қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар Агенттікке, Қазақстан өңірлерінде – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына берілгеніне аударамыз.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттік жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлерде – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгінуге құқылы:

-          Агенттікке: А15С9Т5,  Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша;

-          Құқықтық көмек алу үшін Қоғамдық қабылдау бөлмесіне А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша, анықтама үшін телефон нөмірі: +7 (727) 2788 104 (ішкі 5571, 5573);

-          Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтында  көрсетілген мекенжайлар бойынша, «Агенттік туралы: шағын бөлімдер: «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» бөлімінде).

Сонымен сақтандыру омбудсманына, өз қызметінде тәуелсіз, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды өтеусіз негізде реттеуді жүзеге асыратын жеке тұлғаға жүгінуге болады.

Сақтандыру омбудсманының деректемелері: 050042, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,Рысқұлбеков көшесі, 28/7-үй, 2-қабат (СТКҚ АҚ ғимаратында), e-mail: office@omb.kz, www.insurance-ombudsman.kz, тел/факс +7 (727) 3824 174, +7 708 151 5235.