Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2019 жылы екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2019 жылдың қорытындысы бойынша аталған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) жол берілген қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.

2019 жылы банктерге қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында 294 ықпал ету шарасы, оның ішінде:

- 32 әкімшілік айыппұл;

- 259 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы;

- 3 жазбаша ұйғарым қолданылды.

          Жүргізілген талдаудың нәтижесі банктер басым жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген келесі талаптарды, сондай-ақ мыналарды:

- банктік қарыздарға қызмет көрсету;

- төлемдер және ақша аударымдары;

           - банкоматтар мен банктік шоттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтамайтындарын көрсетті.

Соңғы кезең ішінде банктерге қатысты қабылданған шаралар санының жыл сайын ұлғаю үрдісі байқалды. Өз кезегінде, уәкілетті орган қаржылық қызметтерді тұтынушылардың (азаматтардың) құқықтарын қорғау мақсатында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауда, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер енгізілуде, және олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылуда, сондай-ақ азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарау аясында банк қызметтерін жеткізушілердің тарапынан бұзушылықтар анықталуда.

 

 

Банктік қарызға қызмет көрсету тәртібі бойынша негізгі бұзушылықтар мыналарға:

- хабарлау мерзімін сақтамау/қарыз шарты бойынша құқықты (талап ету) үшінші тұлғаға беру туралы хабарламау;

- кредиттік бюроға қарыз алушы бойынша дәйексіз мәліметтер беру;

- қарыз алушы (кредиттік тарихтың субъектісі) туралы мәліметтерді оның келісімінсіз кредиттік бюроға беру/кредиттік бюродан алу;

- қарыз алушыға қарыз бойынша мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы хабардар ету мерзімін, тәртібін бұзу, төлемдер енгізу қажеттілігі, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабардар ету тәртібін сақтамау;

- қарыз алушыға қарыз бойынша борыштық қалдығы туралы мәліметтер бермеу;

- қарыз сомасын қайтару бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсіппұлдың) мөлшерін асыру;

            - банктік қарызға қызмет көрсету мәселелері бойынша банктің ішкі құжаттарын сақтамауға қатысты болды.

 

Төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі бойынша:

- оған сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға төлем талаптары жеке тұлғаның банк шотындағы ақша сомасынан және/немесе банк шотына түскен сомадан 50% шегінде орындалуы тиіс төлем талаптарын орындауға;

- жеке тұлғаның ағымдағы шотында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кем емес ақша сомасын қамтамасыз етпей, қарыз бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі төлем талабын орындауға;

-   клиенттің банк шотынан ақшаны негізсіз өндіруге;

-   нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайларда, ақша төлемі және (немесе) аударымы жөніндегі нұсқауды орындауға;

- төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауларды уақтылы орындамауға;

-    төлем құжатын орындаудан негізсіз/ уақтылы емес бас тартуға;

- қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін бір мезгілде қарыз алушылардың банк шоттарына бірнеше төлем талаптарын қоюға;

- Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ағымдағы шоттардан ақшаны алу кезектілігін сақтамауға қатысты бұзушылықтар анықталды.

 

Банкоматтардың және банк шоттарының қызмет көрсету тәртібі бойынша:

- банктік қарыз шарты болмаған кезде клиенттің банк шоты бойынша кредиттік лимит белгілеуге;

-   банк шоттарын ашу/жабу тәртібін сақтамауға;

-    банк шотындағы ақшаға билік етуді заңсыз шектеуге;

- банкоматта төлем карточкасын ұстаушыны суретке түсіруге мүмкіндік беретін камераның болмауына;

- банкоматтар желісі жұмысының мониторингінің болмауына (бейнебақылау камерасының ақаулығы);

- салымшылардың жинақ шоттарынан ақшаны алу жөніндегі рұқсат етілмеген операцияларға;

   - көрсетілетін төлем қызметтері бойынша комиссияны біржақты тәртіппен ұлғайтуға қатысты бұзушылықтар анықталды.

 


   

    

2019 жылы банктерге қатысты қабылданған ықпал ету шараларының және санкциялардың (айыппұлдардың) саны банктер бөлігінде төмендегі кестеде келтірілген:

 

 Банктің атауы

Жалпы санынан  %-бен

       Шара саны

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

23,81%

70

«ForteBank» АҚ

11,22%

33

«Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ

8,84%

26

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ

8,16%

24

«Kaspi Bank» АҚ

7,82%

23

«Еуразиялық банк» АҚ

6,12%

18

«Альфа-Банк» АҚ ЕБ

5,78%

17

«АТФ Банк» АҚ

5,78%

17

«Банк Центр Кредит» АҚ

5,78%

17

«Қазпочта» АҚ

3,74%

11

«Нұрбанк» АҚ

3,06%

9

«Asia Credit Bank» АҚ

2,72%

8

«First Heartland Jysan Bank» АҚ

2,04%

6

«Банк Kassa Nova» АҚ

1,02%

3

«АТФ Банк» АҚ

1,02%

3

«Altyn Bank» АҚ

1,02%

3

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

0,68%

2

«Альфа-Банк» АҚ ЕБ

0,34%

1

«Bank RBK» АҚ

0,34%

1

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ

0,34%

1

«Tengri Bank» АҚ

0,34%

1

БАРЛЫҒЫ

100,00%

           294

 

2019 жылы банктерге қатысты шығарылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 18 251 237,05 теңгені құрады.

Әкімшілік жауапкершілік көзделген, банктер жіберген негізгі бұзушылықтар:

- кредит тарихы субъектісі туралы мәліметті оның келісімінсіз кредиттік бюроға беру;

- кредит тарихы субъектісі туралы мәліметті оның келісімінсіз кредиттік бюродан алу;

- қарыз алушы бойынша кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер беру;

- ақпаратты жеткізушінің кредиттік бюроға кредит тарихы субъектісінен алынған мәліметтерді уақтылы бермеуі;

- төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауларды «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Респубьликасының Заңнамасында айқындалған мерзімдерді бұза отырып уақтылы орындамау;

- банктің банктік қарыз шарты бойынша дербес талаптарда ЖТСМ мөлшерін дұрыс көрсетпеуі.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың банктік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасына толық шолу және дербес анықтауы үшін Агенттік банктерге қабылданған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар (айыппұлдар) туралы ақпаратты ресми интернет-ресурста (www.nationalbank.kz) «Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар» бөлімінде орналастырады.

 

Қаржылық сауаттылықты арттыру және банктердің қазіргі, сол сияқты әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Агенттік мынаны хабарлайды.

Банктер клиенттермен шарттық қарым-қатынастар негізінде банктік қызметтерді көрсетеді. Осыған байланысты, банкті таңдау кезінде банкке қатысты қабылданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларға ғана емес, оның қаржылық жай-күйіне және банктік қызмет көрсету және/немесе банктік қарыз шарттарының талаптарына да (ағымдағы шоттың, жинақ шотының), әсіресе, мыналарға назар аудару қажет:

1) ағымдағы шот шарттары бойынша:

- банк тарифтері (бірінші жылы және кейінгі жылдары   банктік шоттарға және/немесе төлем карточкаларына жылдық қызмет көрсету), қолма-қол ақшаны банкоматтардан және банк кассаларынан алу үшін, ақшаны банктік шотқа аудару үшін, төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін, банктік шоттағы ақша қалдығына арналған сыйақы үшін);

- банктің тарифтеріндегі өзгерістер туралы хабарлау тәртібі;

- шот иесінің келісімінсіз банктік шоттан ақшаны өндіріп алу тәртібі;

2) банктік салым шарттары бойынша:

- сыйақы мөлшерлемесінің, оның ішінде өтініш берген күні сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу бойынша (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;

- сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінің өзгеру тәртібі және бұл жөнінде хабардар ету тәсілі;

-   салымды толықтыру/алу мүмкіндігі;

-   салымды мерзімінен бұрын ішінара алу және салым шартын бұзу тәртібі;

- мерзімді және жинақ ақша салымдарын мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымды банктік салым шарты салымды қайтаруды байланыстыратын жағдайлар басталғаннан кейін мерзімін ұзарту тәртібі (ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес банктік салым шарты, егер өзгеше шартта көзделмесе, талап еткенге дейінгі салымның талаптарымен ұзартылған болып саналады);

- банк депозиттік өнімді жапқан жағдайда, банктік салым шартын шартта көзделген талаптарда ұзарту мүмкін еместігі туралы салымшыны хабардар ету тәртібі;

- салым мерзімі.

Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның мерзімі мен түрін, мерзімінен бұрын алу және толықтыру құқығын негізге ала отырып дифференцияланады.

      3) банктік қарыз шарттары бойынша:

    - жылдық сыйақы мөлшерлемесін есептеу мөлшері және тәртібі, сондай-ақ оны өзгерту талаптары;

- өтеу әдісі, өтеу кестесі;

- комиссия мен өзге де төлемдер тізбесі, олардың соңында кредиттің нақты құнына әсер ететін мөлшері;

- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, ол қарыз алушының кредит алуға және қызмет көрсетуге жұмсалған барлық шығыстары есебімен, кредиттің нақты құнының көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш әртүрлі банктердің ұқсас кредиттерін салыстыру үшін қолданылады;

- қарыз бойынша берешекті, оның ішінде қарыз алушының келісімінсіз оның банктерде ашылған банктік шоттарынан өндіріп алу тәртібі;

- банктік қарыз шарты бойынша үшінші тұлғаларға құқықты (талап етуді) беру тәртібі;

- берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру.

Банктік қарыз шарты [1] талаптары тізбесінің күші жойылғандығына назар аударамыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №248 қаулысымен банктік қарыз шартын жасау тәртібі бекітілді (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Аталған тәртіппен шарттың барлық қолданыстағы талаптары сақталды, бұл ретте қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жаңадан жасалған шарттарда банктің ішкі құжаттарына және шарттың қолданылу мерзімі ішінде біржақты тәртіппен өзгеруі мүмкін және қарыз алушының танысуы үшін қолжетімсіз өзге құжаттарға сілтемелер көрсетуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, банктік шарттардың ашықтығын жетілдіру және аталған тәртіппен шарт алдындағы жұмысты күшейту мақсатында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап мыналар қарастырылған:

   - қарыз алушыға кредит алу талаптары, қарыз алушының жауапкершілігі туралы ақпарат берілген банктің әлеуетті клиенттермен шарт алдындағы жұмыс кезеңінде берілетін қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны бекітілді.

Осы жадынама әлеуетті қарыз алушыларға шартты жасағанға дейін банктік қарыз талаптарын басқа банктердің қарыздарының талаптарымен салыстыруға мүмкіндік береді.

- қарыз алушыны шарт талаптары туралы қосымша ақпараттандыру үшін, сондай-ақ шарт талаптарын қабылдауды жеңілдету мақсатында «титул парағы» енгізіледі, ол шарттың бастапқы парақтары түрінде мазмұндалады және қарыздың ең негізгі, маңызды талаптары туралы қысқаша ақпараттан тұрады, мысалы, қарыз сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері және ЖТСМ, қарызды өтеу әдісі, тәсілі, қарызды мерзімінен бұрын өтеу тәртібі және басқа да маңызды ақпарат қамтылады.

3) банктердің біркелкі қолдануы мақсатында қарызды өтеу кестесінің нысаны бекітілді.

2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін өтеу кестсінің, жадынаманың және титул парағының қосымшасы туралы талаптардың нысандары жаңадан жасалатын шарттарға қолданылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мыналарға назарын аударамыз: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету бойынша функциялар Ұлттық Банктен және оның аумақтық филиалдарынан Агенттікке, Қазақстанның өңірлерінде – Агенттіктің Өңірлік өкілдерінің басқармаларына берілген.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттіктің жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлердегі – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына:

- Агенттікке, мынадай мекенжай бойынша: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй жазбаша;

- құқықтық көмек алу үшін мынадай мекенжай бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй, анықтама телефондары +7 (727) 2788 104 (ішкі 5571, 5573);

- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтының «Агенттік туралы» бөлімінде, «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» шағын бөлімдерінде көрсетілген мекенжайлар бойынша) өтініш жасауға құқылы.

Сондай-ақ, қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк және қарыз алушы-жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына өтініш жасауға болады. Банк омбудсманының деректемелері: А15GП8Е2, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй, 302-офис., тел.: +7 (727) 2612 216, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.


[1] «Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысы