Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2019 жылдағы екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының борышкерлерімен жұмыс істеу кезінде коллекторлық агенттіктердің іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы

Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар, коллекторлық агенттіктердің қызметін құру ерекшеліктері, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеу, олардың қызметін бақылау ерекшеліктері Заңда[1] белгіленеді:

Заңға сәйкес:

-  коллекторлық агенттік – коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

-  коллекторлық қызмет – коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі.

Коллекторлық қызмет екінші деңгейдегі банкпен және (немесе) микроқаржы ұйымымен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке немесе заңды тұлғалардан коллекторлық агенттіктердің борышкермен өзара іс-қимылы тәртібін бұзушылықтарға қатысты өтініштер түседі, ол Заңның 5-бабында айқындалған.

Коллекторлық агенттіктерге қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша 35 (отыз бес) ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:

- 17 әкімшілік айыппұл, оның ішінде: 1 635 250 теңге сомаға 10 айыппұл салу және өндіріп алу түрінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 ескерту;

- 18 шектеулі шара, оның ішінде: 14 жазбаша ұйғарым, 4 жазбаша ескерту.

 

Коллекторлық агенттігінің атауы

Жалпы санынан %-бен

  Шара саны

«Национальная служба взыскания» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

20,00%

7

«Халык коллекшн» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

11,43%

4

«Rus&Co Financial Group» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

8,57%

3

«Нур комитет» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

5,71%

2

«Ренессанс» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

5,71%

2

«Дельта М Казахстан» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

5,71%

2

«М.Б.А.Финансы» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Агентство по работе с долгами» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Региональный оператор по взысканию долгов» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Debitum» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Дельта М» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Азия Плюс» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Универсальное Коллекторлық агенттігі» ЖШС»

2,86%

1

«Евразийское Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Legal Finance» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Агентство по работе с дебиторами» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Южный корпус» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Спектр Финанс» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«АДИЛЕТ-ҚАЗЫНА» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Капитал» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

«Прогресс» Коллекторлық агенттігі» ЖШС

2,86%

1

БАРЛЫҒЫ

100,00%

35

 

Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктердің:

- коллекторлық агенттіктің қызметкерімен алғашқы рет байланыс жасаған кезде борышкерге коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген ақпаратты хабарламауға;

- уәкілетті орган сұратқан ақпарат пен құжаттарды ұсынбауға;

- борышкермен Коллекторлық агенттіктің үй-жайындағы аудио немесе бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл жасау процесін тіркеуді жүзеге асырмауға байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті.

Бұдан басқа, Заңның 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес борышкер немесе оның өкілі коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимыл жасау кезінде аудиотехника және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл процесін тіркеуді талап етуге құқылы екендігін хабарлаймыз.

Осылайша Заңда борышкердің коллекторлық агенттіктің қызметкерлерімен өзара іс-қимылды белгілеу мүмкіндігі көзделген.

Сондай-ақ Заңда коллекторлық агенттіктердің мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына тыйым салынғанын еске саламыз:

- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуі;

- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауы;

- борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді БҚШ немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;

- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамды берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;

- коллекторлық агенттіктің берешекті өтеу есебіне ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауына;

- коллекторлық агенттік тарапынан берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;

- кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынғанын еске саламыз.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттік жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлерде – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгінуге құқылы:

- Агенттікке: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша;

- Құқықтық көмек алу үшін Қоғамдық қабылдау бөлмесіне А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша, анықтама үшін телефон нөмірі: +7 (727) 2788 104 (ішкі 5571, 5573);

- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша, «Агенттік туралы: шағын бөлімдер: «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» бөлімінде).


[1] «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы