Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова қаржы секторының және Қазақстан қор биржасының (KASE) қатысушыларымен өткізілген дөңгелек үстел шеңберінде бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.

М. Әбілқасымова негізгі биржалық көрсеткіштердің 2019 жылғы оң серпінін атап өтті. Мәселен, 2019 жылы акциялар нарығын капиталдандыру 17,2 трлн теңгеге дейін 11%-ға ұлғайды, KASE-тағы айналыстағы корпоративтік облигациялар көлемі 12,1 трлн теңгеге дейін 12%-ға ұлғайды. Бұл ретте акциялар нарығын капиталдандыру және айналыстағы корпоративтік облигациялар көлемі ІЖӨ-ге қатысты 2019 жылдың қорытындысы бойынша 47%-ға жуық болды.

Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта қаржы секторын дамыту бойынша бағалы қағаздар нарығын орта мерзімді перспективада дамытудың негізгі басым бағыттарын көрсете отырып кешенді бағдарламалық құжаттың әзірленіп жатқанын хабарлады және нарықтың қатысушыларына оны дайындауға қатысуды ұсынды.

«Агенттік қаржы нарығына қатысушыларды теңгерімді реттеу саясатын жүргізуге ниетті, онда, бір жағынан, қаржылық тұрақтылық мәселелері ескеріледі, ал екінші жағынан

– қаржы нарығын дамытуға назар аударылатын болады. Біз нарық ұсыныстарына дайынбыз және біздің алдымызға қойылған міндеттерді іске асыру үшін белсенді түрде ынтымақтастық жасауға ниеттіміз», – деді ол.

Қаржы нарығының өкілдері бағалы қағаздар нарығын дамыту және реттеу мәселелерінде оң өзгерістерді атап өте отырып, бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар және шешуді талап ететін проблемалар туралы айтты.

Group 7.png

Мәселен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы Е. Бахмутова қор нарығының өтімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік қисығын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. «Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бағалы қағаздар шығарылымы кестесінде мерзімі 5 жылға дейінгі қысқа мерзімді және орта мерзімді қағаздардың үлесі өте төмен, ал дәл осы бағалы қағаздар барынша өтімді және кірістілік қисығын құруға көп дәрежеде әсер етеді», – деді ол.

Өз кезегінде, KASE Басқарма Төрағасы А. Алдамбергеннің ойынша, қолданыстағы кедергілерді еңсеру үшін экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының арасында қор нарығының құралдарын ілгерілетуде мемлекеттің белсенді рөлі талап етіледі. «Қоса қаржыландыру тетігін енгізу қажет, ол кезде компания мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру алу үшін бағалы қағаздарды шығару арқылы қор нарығында қаражаттың бір бөлігін тартуға тиіс», – деп есептейді ол.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту және тәуекелге бағдарланған қадағалаудың үздік практикаларына өту арқылы реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды айтты. Пруденциялық реттеу және КЖТҚК рәсімдері, қор нарығында цифрландыруды дамыту және есептілікті оңтайландыру бөлігінде бағалы қағаздар нарығының жалпы мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысын шығара отырып, М. Әбілқасымова нарық өкілдері айтқан ұсыныстардың көп жағдайда Агенттіктің бастамаларына сәйкес келетінін және қаржы нарығын дамытудың жаңа тұжырымдамасында көрініс табатындығын атап өтті.