Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде сақтандыру нарығын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова сақтандыру нарығының қатысушыларымен өткен дөңгелек үстел шеңберінде сақтандыру секторын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.

М. Әбілқасымова сақтандыру секторы көрсеткіштерінің оң өсу серпінін атап өтті. Мәселен, 2019 жылы сақтандыру секторының активтері 15%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады.  Бұл ретте  сақтандыру секторы міндеттемелерінің сомасы 13%-ға ұлғайып, 653 млрд теңге болды, бұл активтердің 54%-ын құрайды. Меншікті капитал 18%-ға ұлғайып, 553 млрд теңгені құрады.

Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта реттеушінің алдында қаржы секторын дамыту бойынша кешенді бағдарламалық құжатты әзірлеу және Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын өзектендіру міндеті қойылғанына назар аударды. Тұжырымдаманың негізгі блоктарының бірі сақтандыру секторының дамуына арналатын болады.

Group 11.png

Сақтандыру секторының өкілдері сақтандыру нарығының өзекті мәселелері, атап айтқанда сақтандыру нарығын дамытудың жаңа бағыттарын айқындау қажеттілігіне, халық пен бизнесті қолданыстағы сақтандыру өнімдерімен төмен қамтуға, халықтың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі туралы төмен хабардар болуына, өмірді жинақтап сақтандыруды дамыту үшін экономикалық ынталандыру мен мүмкіндіктердің болмауына және онлайн-қызметтердің белсенді дамуына кедергі келтіретін КЖТҚҚ рәсімдерін қайта қарау қажеттілігіне қатысты мәселелер туралы айтты.

Дөңгелек үстел шеңберінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру салаларын дамыту бойынша ұсыныстар берді. Реттеу және КЖТҚҚ рәсімдері, онлайн-қызметтерді дамыту, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардлың құқықтарын қорғау және сақтандыру алаяқтығын болдырмау бөлігінде сақтандыру нарығының жалпы мәселелері талқыланды.

Сақтандыру секторы өкілдерінің ұсыныстарын тыңдай келе, М. Әбілқасымова жұмыс топтарының отырыстары шеңберінде, сол сияқты жұмыс кездесулері деңгейінде де оларды талқылау бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендігін хабарлады.

М. Әбілқасымова сақтандыру нарығының ерекшелігін және сақтандыру қызметтері бойынша іске асырылмаған мүмкіндіктердің үлкен әлеуетін ескере отырып, сақтандыру нарығын реттеуді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Агенттік Төрағасы сақтандыру қызметтерін көрсету барысында инфрақұрылымдық ұйымдарды дамыту және жаңа қаржылық технологияларды енгізу бойынша одан әрі бірлескен жұмыс істеудің қажеттілігін жеке белгілеп берді.

Дөңгелек үстел барысында айтылған, Агенттіктің сақтандыру нарығын дамыту міндеттері және осы міндеттерді іске асыру бойынша, соның ішінде сақтандыру секторы өкілдерінің ұсыныстарын қамтитын бағыттары  ағымдағы жылдың соңына дейін Үкіметке енгізу жоспарланып отырған заң жобасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Дөңгелек үстел барысында ұсынылған таныстырылымдармен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Сақтандыру секторы» бөлімінде танысуға болады.