Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде сақтау туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. жылдық 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Инфляция 4-6% нысаналы дәліз шегінде сақталады. 2020 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 5,6% болды. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,2%, ақылы қызметтер – 1,4% болды.

Халықтың инфляциялық күтулері қалыпты күйінде қалды. 2019 жылғы желтоқсанда олар қарашадағы 5,8%-бен салыстырғанда 5,6%-ға дейін баяулады.

Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі 2019 жылғы қаңтар – қарашада жылдық көрсетуде 5,8% болды, әлеуметтік қолдауға арналған бюджет шығыстары 2019 жылы 26,0%-ға ұлғайды, тұтынушылық кредиттеу 2019 жылы 26,9%-ға өсті. 2019 жылы инвестицияның кеңеюі 8,5% болды.

2019 жылдың қорытындылары бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор жылдық көрсетуде 5,0%-ға өсті.

Әлемдік нарықта 2020 жылғы қаңтарда мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 63,7 АҚШ доллары болды, азық-түлік бағасының ФАО индексі 2019 жылғы желтоқсанда 2,5%-ға өсті.

Ресейдегі жылдық инфляция 3%, ЕО елдерінде – 1,6% болды, бұл импортталатын тауарлар бағасының өсуін шектейді.

Проинфляциялық тәуекелдер бензинді сатуға акциздердің жоғарылау және реттелетін қызметтердің қымбаттау әсерінен қысқа мерзімді келешекте байқалатын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін және орта мерзімді болашақта инфляциялық процестердің біртіндеп әлсірей бастайды және жылдық инфляция нысаналы дәліздің орта деңгейі 4-6%-ке және 2020 жылдың соңына дейін одан да төмен деңгейге дейін баяулайды деп күтілуде.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның қалыптасқан және болжамды серпінінің оның бағдарларына сәйкес келуі, сондай-ақ ішкі және сыртқы тәуекелдердің балансы ескеріле отырып қабылданатын болады. Жағдай Ұлттық Банктің күтулеріне сәйкес дамыған кезде, сондай-ақ Үкімет және жергілікті атқарушы органдар азық-түлік нарықтарында бәсекелестікті арттыру және оңтайлы тарифтік саясат жүргізу шараларын қабылданған кезде ақша-кредит талаптарының жеңілдеуі мүмкін.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2020 жылғы 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жарияланады.