Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 24 - 31 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 31 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (378,60-тан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 379,02 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 24 – 31 қаңтар аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың ФРҚ-сы АҚШ-тың экономикасы қалыпты қарқынмен өсуде, ал инфляция 2%-дық нысаналы деңгейден төмен қалып отыр деп атап өтіп, негізгі мөлшерлемені 1,5-1,75%-дық деңгейде сақтады. ФРҚ қазынашылық облигацияларды ең аз дегенде 2020 жылғы II тоқсанның соңына дейін сатып алуды және жүйелі РЕПО операцияларын (бұдан бұрын РЕПО бойынша операцияларды ақпанның ортасында аяқтау болжанған) сәуірдің соңына дейін жүргізуді жалғастырады. Англияның ОБ жуыр арада монетарлық саясатты ықтималды жеңілдету қажеттілігі жөнінде мәлімдеп, ақша-кредит саясатының өлшемдерін де өзгеріссіз сақтады. Ұлыбритания 31 қаңтарда Еуропалық Одақтан шықты, 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін Ұлыбритания мен ЕО үшін ауыспалы кезең қолданылады. Ұлыбритания мен ЕО еркі сауда туралы келісім бойынша жұмыс жүргізуге бастама жасады. Қытайда коронавирустың өршуі қаржы нарықтарына қысым көрсетуді жалғастыруда.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.   

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

·         үнді рупиясы апта ішінде нақты өзгерген жоқ, 71,33-тен 71,36-ға дейін әлсіреді; Сонымен қатар, Статистика министрлігі экономикалық өсудің алдыңғы бағасын 2019 жылы 6,1% деңгейіне дейін түзеді (6,8% қарсы - алдыңғы болжам);

·         Мексика песосы 2019 жылы теріс экономикалық өсу соңғы онжылдықта алғаш рет 0,1% болғаны туралы статистиканың шығуы аясында 0,3%-ға (18,79-дан 18,84-ке дейін) әлсіреді;

·         Индонезия рупиясы Орталық Банктің араласуына қарамастан коронавирустың таралуына қатысты алаңдаушылық аясында 0,5%-ға (13 583-тен 13 655-ке дейін) әлсіреді;

·         түрік лирасы коронавирустың таралуына қатысты алаңдаушылық, сондай-ақ бесінші айдағы сауда тапшылығының 4,33 млрд АҚШ долларына дейін кеңеюі туралы мәліметтерді жариялау аясында 0,7%-ға (5,94-тен 5,98-ге дейін) әлсіреді;

·         Бразилия реалы инвесторлардың жаһандық тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 2,5%-ға (4,18-ден 4,28-ге дейін) әлсіреді, нарық қатысушылары жағдайды тұрақтандыру үшін Орталық Банктің араласуын күтуде;

·         Ресей рублі мұнай бағасының құлдырауы және ФҚО үшін инвесторлардың тәуекел дәрежесінің төмендеуі аясында 2,9%-ға (62,16-дан 63,96-ға дейін) әлсіреді;

Оңтүстік Африка ранды вирустың таралуына байланысты әлемдік экономикалық өсудің бәсеңдеуі туралы инвесторлардың алаңдаушылығы, сонымен қатар Eskom энергетикалық компаниясы электр қуатының тағы бір тоқтауы туралы жариялауы аясында 4,4%-ға (14,39-дан 15,03-ке дейін) әлсіреді.

Screenshot_3.png

Дамушы елдер валютасының серпіні (2020 жылғы 24 қаңтар =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Screenshot_4.png


[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары