Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Зейнетақы жоспарын құрамыз

Fingramota.kz. сайтынан ақпан айына арналған қаржылық кеңес

Ақпан айы болашағыңызды ойлауға ең оңтайлы ай. Далада үскірік жел мен аяз қақап тұрғанда, жаздың ауылы әлі алыс болып көрінеді... Кейбір адамдар да зейнет жасына дейін әлі бір ғұмырлық уақыт бар деп ойлайды. Алайда, өзіңіздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы есебіңізге көз жүгіртіп қойғаныңыз абзал.  Тіпті сіз 18, 20 немесе 35 жаста болсаңыз да, мұны кез келген жаста естен шығармау қажет, себебі жастық жақ қас-қағым сәтте өтеді де кетеді. Сондықтан, өз ақшаңызды қадағалап отыруға әдеттену  жас кезіңізден қалыптасқан жақсы дағдыға айналу қажет.

Біз барлығымыз ең бірінші жалақымызды алған сәттен бастап қордың салымшысы боламыз. БЖЗҚ-ғы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны бүгінгі таңда 10,6 млн. шоттан асып түседі. Әдетте, жылдың басында қордан біреуге почта арқылы, кейбіреудің электрондық жәшігіне есептер жіберіледі. Ал, әлдекім www.enpf.kz немесе  www.egov.kz сайттарындағы жеке кабинеттеріне кіріп, жұмыс беруші аударған түсімдерді тексеруіне, есептелген инвестициялық кірісті қарауына болады.

каз.png

Біріншіден, жұмыс берушінің Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға (ЖЗШ) жасаған міндетті зейнетақы аударымдарыңыздың тұрақты аударылуын, толықтығын және уақтылығын тексеріңіз.  Егер күтпеген жерден жұмыс берушінің өз міндеттерін дұрыс орындамайтыны анықталса: зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс берушіге санкциялар қолдануға құқылы екендігін біле жүріңіз. Яғни, кәсіпорындардың банк шоттарынан борыш шегінде ақшаны өндіру және қызметкерлердің жеке зейнетақы шотына аудару.

Десек те, БЖЗҚ-дағы өз шотыңызды тек ақпан айында ғана тексеру міндетті емес. Жеке шотты тұрақты түрде тексеріп тұру қажет: жарнаны уақтылы енгізбесеңіз, салынған ақшаға есептелетін инвестициялық кіріс те аз болады. Бұл – болашақ зейнеткер тиесілі пайдасынан қағылды деген сөз. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тұрғысынан өз шотыңызды да, бухгалтерияңызды да тексеріп тұруға ұялмаңыз.

Сонымен қатар, ерікті зейнетақы шотын ашуды да ойлап қойыңыз. Әсіресе, кірісіңіз мұны жасауға мүмкіндік беретін болса, тіпті жақсы. Есіңізде болсын, Сіз ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) мөлшерлемесін және олардың төленуін дербес анықтай аласыз. Жеке тұлғалар үшін өз пайдасына салынған ЕЗЖ төлеу шығыстары бойынша Салық кодексінің 342 және 248-баптарына сәйкес салық шегерімі қолданылады. Ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдер салымшы 50 жасқа толғанда басталуы мүмкін. Сондай-ақ, кірісіңіз жеткілікті болса, ерікті зейнетақы шотын ашу жөнінде ойланып көріңіз. Сіз ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесін (ЕЗЖ) және оны төлеуді өзіңіз белгілей аласыз. Жеке тұлғаларға өз пайдасына жүргізілген ЕЗЖ төлеуге шығыстар бойынша Салық кодексінің  248 және 342-баптарына сәйкес салықтық алым қолданылады. Ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдер салымшының 50 жасқа тола салысымен басталады.

Зейнетақы  калькуляторының  (https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/calcs.php) көмегімен сіз зейнетақы төлемдеріңізді өз бетіңізше есептей аласыз. Егер, Сіз «отыздан сәл ассаңыз»  алдағы бірталай уақытты пайдаланып, ерікті зейнетақы шотыңызға  «күміс» жасыңызға арналған қомақты сома жинап алу мүмкіндігіңіз бар.  

Әрине, ЕЗЖ орнына банк депозитін де пайдалануға болады, алайда оған 20 жыл бойы қарттыққа жинаған қорыңызды жұмсамай, сақтап, жинауға күш-жігеріңіз жете ме? Оның үстіне мұндай ұзақ мерзімді депозит ұсынатын банк табыла ма екен?

Анықтама үшін: Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 2019 жылғы 20 желтоқсанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Ол күшіне енгеннен кейін ЕАЭО еңбеккерлері тек өз отанындағы жұмысы кезеңі үшін зейнетақы алып қоймай, Одақтың басқа елдеріндегі жұмыс кезеңі үшін де зейнетақы алатын болады. Бұл, кейіннен ЕАЭО елдеріндегі қолданылатын  зейнетақы жүйесіне байланыссыз зейнетақымен қамтамасыз етілу үшін қай жерде жұмыс істесеңіз де өз кірістеріңізді жариялап отырудың маңыздылығын естен шығармау қажеттілігі жөніндегі  құлаққағыс.