Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бері іске асырылуда және жалғыз баспананы сақтап қалуға, борыш жүктемесін азайтуға және ипотекалық қарыз алушылар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталған.

Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру көзделген. Қазақстан Ұлттық Банкі қарыз алушыларды қолдауға 130 млрд теңге бөлді.

Бүгінгі күні Бағдарлама шеңберінде 172 млрд теңге сомаға 28 мың қарыз алушыға көмек көрсетілді, 57 млрд теңгеден астам сомаға қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша берешегі төмендетілді. Банктер бөлген қаражат толық көлемде игерілді және револьверлік тетікті ескере отырып қайта қаржыландырылған қарыздардың саны 40 мыңнан астам болады.

Group 22.png

Бағдарламаның екінші бөлігі 2018 жылғы 27 наурызда іске қосылды және жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша қайта қаржыландыруды көздейді. Бағамдық айырма сомасы (156 млрд теңге) Ұлттық Банктің қаражаты есебінен өтеледі. Банктер 136 млрд теңгеден астам сомаға қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар және тұрақсыздық сомалары бойынша берешегін төмендетеді.

Валюталық ипотекалық қарыз алушылардың қарыздарын қайта қаржыландыруға банктерге 9 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде 79,8 млрд теңге сомаға  8 891 қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды.

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады, қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей кредитор банкке өтініш жасауы қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 23 желтоқсандағы тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің Басқармасы Бағдарламаға өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жай-күйін мұқият және жан-жақты талдау негізінде тараптардың келісімі бойынша жеке тәртіпте ХӘОТ санатына жататын, ипотекалық қарыздарына қызмет көрсету қиынға соғатын қарыз алушыларды оңалтудың қосымша тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарламаға өзгерістер банктердің деректері бойынша ХӘОТ санатына жататын, ипотекалық қарыздары бойынша  44,6 млрд теңге сомаға берешегі бар 7 355-ке жуық қарыз алушыны, егер олар ипотекалық қарыздарына қызмет көрсетуде негіз келтірілген қиыншылықтарды басынан өткерген жағдайда,  қолдаумен қамтуға мүмкіндік береді. Банктің балансында есепте тұрған тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыны қаржыландыруды жүзеге асыру не оған тұрғын үйді кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру құқығы берілген.  

Аталған шараларды іске асыру бұрын қайтарымды негізде берілген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Ипотекалық қарыз алушыларды қолдау бойынша қосымша шараларға қатысушылардың тізіміне 19 қаржы институты, оның ішінде 16 банк кірді («ForteBank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Jýsan Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және т.б.), «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Астана ипотека» АҚ және «Ипотека АФ» АҚ. Қазіргі уақытта Бағдарлама қатысушыларының «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен салым шарттарына қол қою рәсімі жүргізілуде.

Агенттіктің сайтында қарыз алушылармен өзара байланыс жасау үшін банктер қызметкерлерінің байланыс деректері және ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету үшін банктер қарауы үшін қажетті құжаттар тізбесі орналастырылған. Сондай-ақ, www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «кері байланыс» функциясымен және  Бағдарламаны іске асыру шарттары бойынша  сұрақ қою мүмкіндігімен Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылды.

Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның барлық өңірлерінде қарыз алушылардың банктердің Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялар құрамына Агенттіктің өңірлік өкілдері, әкімдіктер, мүдделі мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер кіреді.