Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Балаларға ақшаны қашан және қалай таныстыруға болады

Сіз 3-5 жастағы баланың дүкендегі ойыншықты алып бер деп жылаған сәтіне тап болғаныңыз немесе осындай көріністі сырттай бақылағаныңыз шүбәсіз. Не болмаса, жасөспірім ата-анасына «қоқан-лоқы көрсете» және «бойкот жариялай» отырып, өзіне жаңа ұялы телефон сатып алып беруін талап етеді.

Балалардың қаржылық талаптары мен наразылығы олардың жасына қарай әртүрлі боп келеді, бірақ себебі біреу ғана: ата-аналар әуел бастан өзінің баласына қаржылық мәдениет пен сауаттылық негізін қалыптастыра алмаған. Бұған қоса, отбасы табысының жоғары, орташа немесе төмен екендігі маңызды емес. Ақша тақырыбы отбасында оқыту пәні ретінде жиі қарастырылмайды.

dengi_i_deti.jpg

Материалдардың торлық мәтіні мынадай сілтеме бойынша жарияланған: https://fingramota.kz/kz/budget/ballara-asani-alan-and-ali-manastirea-baladi/