Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 31 қаңтар - 7 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 7 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (379,02-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 378,31 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 31  қаңтар  - 7 ақпан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың өнеркәсіптегі белсенділік индексі екі айлық құлдыраудан кейін қаңтар айында 50,9-ға жетті. Ұлыбританияның премьер-министрі мен Брекзит мәселесі бойынша ЕО бас өкілі өтпелі кезеңнен кейінгі тараптар арасындағы қатынастар туралы қарама-қарсы пікірлерді ұсынды. АҚШ сенаты импичмент ісі бойынша Д.Трампты ақтады. Қытай Халық банкі коронавирустың таралуының жағымсыз экономикалық салдарын еңсеру үшін экономикаға шамамен 1,2 трлн юань құйғаны туралы мәлімдеді. АҚШ-тың қаңтардағы еңбек нарығы бойынша қатаң есеп жарияланды: ауылшаруашылық емес сектордағы жұмыс орындарының саны 225 мыңға артты, жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ға, жалақы 0,2% м/м артты.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.   

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

·  Мексика песосы керри-трейд стратегиясының тартымдылығына және
МБҚ-ның жоғары кірістілігіне байланысты капитал ағынының аясында 0,4%-ға (18,84-тен 18,77-ге дейін) нығайды;

·   Индонезия рупиясы соңғы 4 жылда баяу экономикалық өсу туралы деректердің шығуы аясында 0,1%-ға (13 655-тен 13 675-ке дейін) әлсіреді, 2019 жылы жылдық + 5,02%;

·   үнді рупиясы еңбек нарығы бойынша нақты деректердің шығуына байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы және АҚШ долларының жаһандық нығаюы аясында 0,1%-ға (71,36-дан 71,40-қа дейін) әлсіреді;

·  Ресей рублі РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 6%-ға дейін төмендету туралы шешімі аясында 0,1%-ға (63,96-дан 64,05-ке дейін) әлсіреді, реттеуші инфляцияның күрт баяулауы жағдайында ақша-кредит саясатының болашақ бағыты туралы жеңіл белгіні сақтады;

·  Оңтүстік Африка ранды қаңтар айында ОАР өңдеу өнеркәсібіндегі сентименттің төрт айда ең төменгі деңгейге дейін нашарлауы туралы деректердің шығуы аясында 0,2%-ға (15,02-ден 15,06-ға дейін) әлсіреді, өйткені сұраныстың әлсіз болуы кәсіпорындардың өндірісіне әсер етті;

·  түрік лирасы инфляцияның жеделдетілуі туралы деректердің болжанған мәндерден асып түсуі аясында 0,5%-ке (5,98-ден 6,01-ге) дейін әлсіреді, ол нақты мөлшерлемелердің нөлден төмен Жапониядағы кірістілікпен салыстырылатын деңгейге дейін төмендеуіне әкелді;

·  Бразилия реалы желтоқсанда екі ай қатарынан өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі туралы статистиканың жариялануы аясында 0,8%-ға (4,28-ден 4,32-ге дейін) әлсіреді, нәтижесінде бір жыл ішінде өнеркәсіп 1,1%-ға төмендеді, бұл Орталық банктің мөлшерлемелерді төмендету ықтималдығын арттырады.

Screenshot_1.png


Дамушы елдер валютасының серпіні (2020 жылғы 24 қаңтар =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Screenshot_2.png


[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары