Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

«Пирамида салғыш» өнертапқыштар WhatsАpp-тан жаңа челлендж жіберуде

 Қазақстандық пайдаланушылар абдырап жатыр: олардың мобильді телефондарына жеңіл ақша табу жайында алдамшы ұсыныстар түсуде. WhatsАpp-та қаржы челленджі деп аталатын «ойынның» талаптары белсенді түрде таратылуда, оның мәні нағыз қаржы пирамидасының жұмыс істеу қағидатын көрсетеді. Мұндай «нұсқаулықтармен» Fingramota.kz те танысты.

Жіберілген хабарламаның мәтіні мынадай: «Қызғылт сары жақтағы адамдар көгілдір аймақтағы Златаға мынадай нөмір бойынша банк шотына (нөмірі көрсетіледі) 14300 теңге жібереді. Қызғылт сары жақтағы ұяшықтар толған бойда Злата  114000 теңгені толтырады да, ойыннан шығады. Ал жасыл аймақтағылар жеке чат құрып, көгілдір аймаққа өтеді. Осылайша барлығы кезек-кезегімен көгілдір аймаққа өтеді. Сіздің міндетіңіз – ең болмағанда екі адам табу. Адамды көп тапқан сайын, Сіз өзіңіздің 114000 теңгеңізді жылдам аласыз».

   1.jpg

Қаржы пирамидасы – барлық кезде де адамдардың ақшасын алудың өте белгілі әрі кеңінен тараған тәсілі. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белсенді түрде жүргізіп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысына қарамастан, барынша байып, бақытты болудан үміттенетін қазақстандықтар осындай «шырғалаңға» түсіп кетулерін қоймайды. Ал қаржы алаяқтары аңқау қазақстандықтарды қолдан келер барлық тәсілді пайдаланып, алдап соғуда.

Қаржы пирамидасы, немесе басқаша айтқанда – инвестициялық пирамида – бұл кіріс алу моделі, мұнда жаңадан тартылған қатысушылардан (төменде тұрғандардан) түскен ақша қаражаты пирамиданың «ұшар басы» деп аталатын – жоғарыда тұрғандарға қайта бөлінеді. 

Қаржы пирамидасының қарапайым схемасы: ұйымдастырушы бірінші қатысушыларға меншікті қаражаттан көп кіріс төлейді, бірінші қатысушылар бұл ретте аздаған жарна төлейді. Біраз уақыттан кейін пирамиданы ұйымдастырушы қатысушылардың санын және бедел жинайды. Сыйақы жаңа қатысушылардың қаражатынан төленеді. Қатысушылардың белгілі саны және көп сома жиналғанда, ұйымдастырушы қатысушылардың барлық ақшасымен бірге жоқ болады.

Сондай-ақ көп деңгейлі қаржы пирамидасы бар. Ол желі маркетингін еске салады, онда тіпті тауарлар да бар. Сапасы төмен тауарлар, әдетте, көтеріңкі бағамен сатылады. Әрбір қатысушы, бұл ретте ұйымға кіру жарнасын төлейді. Нәтижесінде пирамида ұйымдастырушысы, бірінші жағдайда, барлық ақшаны алып, жоғалып кетеді. Онсыз пирамида біраз уақытқа дейін жұмыс істей береді, бірақ одан кейін міндетті түрде шығынға батады, ал барлық қатысушылар ештеңесіз қалады.

Қазіргі уақытта әр түрлі мессенджерлер арқылы белсенді түрде таратылатын қаржылық «ойын» жағдайында, «ойыншылардың» ешқайсысының 114 000 теңгені алуы мүмкін еместігі түсінікті, ал 14 300 теңгені оңай және жылдам жоғалтуға болады. Ал осы айла-шарғы ойлап тапқан адам біздің елде қаржы пирамидаларын құрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естен шығаруы мүмкін.

Кез келген қаржы пирамидасы адамның ашкөздігіне негізделеді, өйткені адамдар, егер 100 мың теңге енгізсек, онда екі айдан кейін екі есе көп пайдаға кенелеміз деп сенеді. Салыстырып қарайтын болсақ, мұндай жоғары сыйақыны оларға бірде-бір банк ұсынбайды. Бірақ мемлекет қаражаттың сақталуына кепілдік беретін банк депозитінен айырмашылығы - қаржы пирамидасына ақша салу қауіпті болып табылады. Салынған қаражатты қайтаруға ешкім кепілдік бермейді және қаржылық пирамидаға кіру, әдетте, ерікті негізде және құқықтық сүйемелдеусіз жүреді.

Мәлімет үшін: Қазақстанда қаржы пирамидалары тұтынушылық кооперативтері, жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (қаржы агенттері, инвестициялық компаниялар), коммерциялық интернет-жобалар (форекс) нысанында құрылады.

Қаржы пирамидасының белгілері қандай? Сонымен, ең бастыларын қарастырайық:

1) қаржы реттеушісінің ақша қаражаттарын тарту қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болмауы;

2) ұйым нарықтық деңгейден бірнеше есе жоғары, бұрын-соңды болмаған жоғары кірісті жария ететін агрессивті жарнама;

3) басқа салымшылардың жарналарынан жаңа қатысушыларға ақша қаражаттарын төлеу;

4) меншікті негізгі құралдардың, басқа қымбат активтердің болмауы;

5) ұйым қызметінің нақты анықтамасының және т.б. болмауы;

6) сізден кіру жарнасын төлеуді, жаңа клиенттерді тартуды сұрауы және т.б.

Егер сіз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келген ұйым көрсетілген белгілердің кем дегенде бірнешеуіне ие болса, онда олар сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па деп ойланған жөн.

Өкінішке орай, жас ерекшеліктері және материалдық жағдайы әртүрлі адамдар қаржылық айла-шарғының құрбаны болады. Сондықтан, қаржылық сауаттылықты арттыруды ұсынамыз, өйткені қаржылық тұрғыдан сауатты адам қаржылық пирамидалардың барлық түрлерін «анықтап», қызметтерін пайдаланғысы келетін қаржы ұйымдарын тексеріп, шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығады, Интернетте онлайн-шопинг жасаған кезде абай болыңыз және қаржылық тұрғыдан сауатты болсаңыз үшінші тұлғаларға өзіңіздің картаңызды тіпті де бермейтін боласыз. Абай болыңыз, сонда сіздің ақшаңыз қалтаңызда қалады!