Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 7 - 14 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 14 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,3%-ға (378,31-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 377,19 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 7 - 14 ақпан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Еурокомиссияның ЕО ЖІӨ өсуінің 2020 және 2021 жылдарға арналған болжамдары 1,2% деңгейінде сақталды, бұл 2019 жылғы экономиканы қалпына келтіру қарқынына сәйкес келеді. АҚШ-та жарияланған макроэкономикалық мәліметтер сарапшылардың болжамына қарағанда біршама нашар болды: қаңтар айында бөлшек сауда 0,3%-ға өсті, өнеркәсіп өндірісі 0,3%-ға қысқарды. Коронавирустың таралуы бәсеңдеді, ДДҰ мәліметтері бойынша, 5 ақпаннан бастап күніне жаңадан ауырғандардың саны азая бастады. Ұлыбританияның қаржы министрі Б. Джонсонның Үкіметте жүргізген орын ауыстырулары аясында отставкаға кетті. ЕО-да өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1,1% қысқарды.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.   

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

·  Мексика песосы тәуекел-сентименттің жақсаруы, сондай-ақ Орталық Банктің коммуникациялық саясатын жаңарту туралы хабарламалар аясында 1,2%-ға (18,77-ден 18,54-ке дейін) нығайды. Реттеуші отырыстардың хаттамалары неғұрлым нақты және қысқа болатынын, сондай-ақ жарияланымдарға қатысушылардың аты-жөні енгізілетіндігін хабарлады. Орталық Банк негізгі мөлшерлемені 7%-ға дейін төмендетті;

·  Оңтүстік Африка ранды Президент С. Рамафосаның сөз сөйлеуі аясында 1%-ға (15,06-дан 14,91-ге дейін) нығайды. ОАР басшысы энергия тапшылығы мәселелерін шешу үшін электр энергетикасында түбегейлі өзгеріс болатынын мәлімдеді;

·  Ресей рублі мұнай бағасының өсуі аясында, сондай-ақ, Орталық Банктің иелігіндегі Сбербанк үлесін Үкіметке сатуға байланысты бюджет ережесінің әсерін жұмсартуды күту кезінде 0,8%-ға (64,05-тен 63,52-ге дейін) нығайды;

·  Бразилия реалы реттеушінің валюталық своп аукциондарын өткізу арқылы валюталық интервенциялары аясында 0,7%-ға (4,32-ден 4,29-ға дейін) нығайды;

·  үнді рупиясы іс жүзінде өзгерген жоқ, 71,40-тан 71,37-ге дейін нығайды. Үкімет бейрезиденттердің МБҚ халықаралық индекстерге қосу бөлігінде тәуелсіз мемлекеттік облигацияларды сатып алу бойынша шектеулерді алып тастау жоспарланғанын хабарлады;

·  Индонезия рупиясы ағымдағы шот тапшылығын 2019 жылғы 4-тоқсанда 2,84%-ға дейін кеңейту туралы деректердің шығуы аясында 0,1%-ға (13 675-тен 13 693-ке дейін) әлсіреді;

түрік лирасы Түркия Президентінің Сириядағы әскери операциялар туралы мәлімдемесінен туындаған геосаяси қауіптердің артуы аясында 0,8%-ға (6,01-ден 6,06-ға дейін) әлсіреді.

Screenshot_3.png


Дамушы елдер валютасының серпіні (2020 жылғы 31 қаңтар =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Screenshot_4.png



[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары