Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстанда вишинг-алаяқтар өршіп кетті

Телефон алаяқтарының құрбаны болған және өз шоттарындағы едәуір сомадан айырылып қалған жекелеген екінші деңгейдегі банктердің клиенттері Fingramota.kz-ке өтініш жасады. Банк қызметкері болып хабарласқан алаяқтар төлем карточкасында күмәнді операциялар анықталғанын және оларды «бұғаттау» үшін карта иесінің деректерін жүйеге енгізу қажеттігін хабарлайды. Әдетте, бұл ЖСН, карта байланыстырылған телефон нөмірі, ағымдағы немесе жинақ шотының нөмірі. Бұл схема айтарлықтай қарапайым және вишинг – телефон алаяқтарының арасында кеңінен танымал.

Клиент деректемелерін көрсеткен кезде алаяқтар ақша аударымын бұғаттаған болып клиенттің нөміріне жіберілген SMS-хабармен келген кодты айтуын немесе оны телефонда тондық режимде теруін сұрайды. Кодты алғаннан кейін алаяқтар клиенттің интернет-банкингіндегі телефон нөмірін өзгертіп, шоттарындағы ақшаны алады.

Мұндай жағдайда не істеу қажет? Ең дұрысы – әңгімені аяқтап, тұтқаны қоя салу және ақпаратты нақтылау үшін қызмет көрсететін банкке хабарласу. Сонымен бірге жақын жердегі банк бөлімшесіне барып, шотыңызға алаяқтық шабуылдар жасау әрекетінің болғандығы жайында өтініш жазған дұрыс.

Егер сіз алаяқтарға конфиденциалды ақпаратты берсеңіз не болады? Шұғыл түрде өз банкіңіздің менеджеріне хабарласыңыз, өтініш жазып, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Есіңізде болсын, банктерде банк қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің регламенті бар, оларға сәйкес олар ешқашан клиентке карта немесе алынған SMS бойынша деректерді ұсынуды талап етіп бірінші болып хабарласпайды. жүгінбейді. Осы мәселелер бойынша кез келген байланыс тек клиенттің бастамасымен жүзеге асырылады.

Егер алаяқта сіз туралы жеткілікті ақпарат болса, ол сіздің атыңыздан тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады, жаңа шоттар ашып, ақша аудара алады немесе кредиттер алуға өтініш бере алады.

Мына жағдайларда, егер:

• өз шоттарыңыздағы күмәнді өзгерістерді байқасаңыз;

• өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз;

• сіздің картаңыз қызмет көрсете алмаса, онда шұғыл түрде өзіңіздің банкіңізге хабарласыңыз.

Осы қарапайым, бірақ тиімді қағидаларды сақтау ақшаңызды алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді. Осы ақпаратпен достарыңыз бен туыстарыңызбен, олар алаяқтардың құрсауына түсіп қалмас үшін бөлісіңіз. Қаржылық сауаттылығыңызды www.fingramota.kz арқылы арттырыңыз!