Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Күмәнді ұйымдарда қарыздарды ресімдемеңіздер

Қарыздарды автомобильдер, тұрмыстық техника, ноутбуктар, ұялы телефондар кепілімен ресімдейтін компанияны таптыңыз ба? Ол компания туралы бірінші кезекте қандай ақпаратты тексеру керек? 

Fingramota.kz ең алдымен Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізілімімен танысуды ұсынады. Бұл Тізілім ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz ресми сайтында «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» айдарында орналастырылған.

Егер компания тізімде болмаса, оның қызметі уәкілетті орган тарапынан реттелуге жатпайды. Сіз өз қаражатыңызды осындай компанияға сеніп тапсыра аласыз ба?

Сонымен бірге клиенті болғыңыз келетін қаржы ұйымының сайтында орналастырылған ақпаратқа талдау жасаңыз. Мысалы, егер ұйым өзін ломбард деп атап, алайда өз сайтында салымдарды ашумен айналысамыз деп көрсетсе, бұған сақтықпен қараған жөн. Депозиттерді қабылдау банк операцияларына жатады, оларды  қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арқылы уәкілетті органның лицензиясынсыз Ұлттық почта операторы жүзеге асыра алады.

Егер бұл тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды біздің Fingramota@finreg.kz. электрондық почтамызға жіберуге болады.

Өз қаржылық сауаттылықтарыңызды www.fingramota.kz бірге арттырыңыздар және қаржылық алаяқтардың сіздерді алдауына жол бермеңіздер!