Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің заңсыз қызметі туралы

Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қаржылық (инвестициялық) пирамиданың белгілері бар, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Estate Ломбард» ЖШС, «Gold» ЖШС, «Выгодный депозит» ЖШС және басқалары сияқты ұйымдар қызметін жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылғы 21 маусымда тіркелген (2019 жылғы 2 қыркүйекте қайта тіркелген) «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің Қазақстан Республикасы бойынша 8 филиалы бар. Бірінші филиалы Алматыда 2019 жылғы 23 желтоқсанда, ал соңғысы Шымкентте 2020 жылғы 6 ақпанда тіркелді.

Ломбард басшылығы клиенттерді тарту үшін алаяқтық және қаржы пирамидасы белгілері бар бағдарламаларды іске асырды. Мәселен, ломбард салымшыларға 480% мөлшерінде жылдық сыйақы береміз деп уәде етіп, салымшыларды тартты. Салымшылар өз кезегінде кепілге жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, кредиттер ресімдеді, ломбардқа жоғары сыйақыға уәдеге бүкіл қаражатын салды. Алаяқтық операциялар тек қана қолма-қол нысанда жасалды, яғни ақша тікелей «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің кассасына салынып, жалған адамдармен шарттар жасалды. Ломбардтың алаяқтық схемаларынан 2 мыңнан аса адам зардап шеккен. Аталған ломбардқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы Қызылорда облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің атына «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің заңсыз банк қызметі жайында ақпарат жіберді.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтөбе қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы құқық қорғау органдарына «Gold» ЖШС және «Гарант 24 Ломбард» ЖШС заңсыз қызметі туралы азаматтардың өтініштерін жіберді, соның нәтижесінде «Gold» ЖШС-тің қызметі тоқтатылды, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС бойынша тергеу іс-шаралары жалғастырылды.

Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен 2121 ломбард бар екендігін атап өтеміз. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ломбардтар қаржылық мониторинг субъектілері болып табылады. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ломбардтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің қадағалауындағы субъектілер болып табылады.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға қарыздар беретін ломбардтар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) өзінің заңды тіркелу орны бойынша есептік тіркеуден өтуге тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін есептік тіркеуден өтпеген компаниялар таратылуға тиіс.

Тіркеуден өткеннен кейін ломбардтар Агенттіктің қадағалауға алынатын субъектілері болады. Ағымдағы сәтте бір де бір ломбард есептік тіркеуден өткен жоқ.

Өз кезегінде, қаржылық реттеуші азаматтардың назарын қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдардың күмәнді сипаттағы қызметіне аударады. Бұл ұйымдар өздерінің заңсыз қызметіне сенгіш азаматтарды тарту мақсатында, әдетте, танымал әлеуметтік желілердің жабық топтарында жаппай жарнамалық науқандар жүргізеді. Олардың қаржы пирамидасына тән белгілердің бірі - қаржылық реттеушінің лицензиясының немесе микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркелуінің болмауы; қарыз алу нарығындағы орташа деңгейден асатын салынатын қаражаттың негізсіз жоғары қайтарымы туралы уәде; салымдардың сақталуына кепілдіктің болмауы және басқалар.

Депозиттерді қабылдауды уәкілетті орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті лицензиясы жоқ бірде бір тұлға орындауға құқығы жоқ банктік операция болып табылатынын білген дұрыс. Салымның сақталуына мемлекет кепілдік беретін банктік депозиттен айырмасы қаржы пирамидасына қаражат салу тәуекелді іс. Салынған қаражаттың қайтарымдығына ешкім ешқашан кепілдік бермейді және әдетте қаржы пирамидасына кіру ерікті негізде және құқықтық қолдаусыз болады.

Егер сіз осындай компаниялардың құрбаны болсаңыз не осындай ұйымдардың қызметі туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тез арада құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Қаржы пирамидасының белгілері бар материалдармен www.fingramota.kz сайтында танысуға болады.