Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Микроқаржылық қызмет туралы

2020 жылға дейін халыққа уәкілетті орган реттейтін коммерциялық банктер, ипотекалық компаниялар және микроқаржы ұйымдары ғана емес, сонымен қатар онлайн-кредит беру компаниялары («жалақыға дейін қарыздар» ұсынатын), ломбардттар, кредиттік серіктестер сияқты кредиттеудің реттелмейтін субъектілері де қарыз бере алады. Реттелмейтін субъектілерге мұндай құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде берілген.

2020 жылдың шілдесінен бастап аванс, алдын ала төлем, тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу, банктік қарыздар мен микрокредиттер түрінде ақша беру, жұмыс берушінің өз қызметкеріне, бұрынғы зейнеткер қызметкерге қарыз беру, сондай-ақ заңды тұлғаның өзінің құрылтайшысына (акционерге, қатысушыға) қарыз беру жағдайларын қоспағанда, азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынды.

Ломбардтардың және кредиттік серіктестіктердің, сондай-ақ өзге де кредит беру субъектілерінің қызметі мемлекеттік реттеуге жатқызылған.

Банктерден, ипотекалық компаниялардан және микроқаржы ұйымдарынан басқа, 2020 жылдың шілдесінен бастап халыққа кәсіби негізде қарыз беруді тек есептік тіркеуден өткен ломбардтар мен кредиттік серіктестіктер ғана бере алады. Онлайн-кредит беру компаниялары және нарықтың өзге де субъектілері 2020 жылғы шілдеге дейін «микроқаржы ұйымы», «ломбард» не «кредиттік серіктестік» ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) есептік тіркеуден өтуі тиіс.

nalogovaya-proverka-2019.jpg

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымнан (микроқаржы ұйымы, ломбард, кредиттік серктестік) кредит алуға ниет білдірген кезде, жеке тұлға мынадай факторларға ерекше назар аударған жөн:

1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым «микрокредит» беруге құқылы;

2) ұйым әділет органдарында тіркелуге тиіс, яғни оның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (адал ұйымның, әдетте, имеет ресми сайты, орталық офисі, жұмыс байланыс (стационарлық) телефондары, фирмалық бланкілері, мөртабандары, мөрлері бар және т.б.) болуға тиіс;

3) ұйым есептік тіркеуден өткен сәттен бастап микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілуге тиіс, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімі Агенттіктің мынадай ресми сайтына: http://finreg.kz/?docid=3240&switch=kazakh орналастырылады;

4) кредит алған кезде «микрокредит беру туралы шарт» не «кепіл билеті» (ломбардтар үшін) жасалуға тиіс, егер шарт өзгеше аталатын болса, сақ болуы керек және ұйымның осындай шарт жасауға құқылы екендігіне көз жеткізу керек;

5) аралық тәсілмен (электрондық) кредит алған кезде ерекше сақ болған жөн, себебі тартымды талаптармен кредит ұсынуға байланысты интернет-алаяқтықтың түрлі схемалары бар;

6) кредиторлардың бөліп төлеу, пайызы жоқ, нарыққа қарағанда сыйақының айтарлықтай төмен мөлшерлемесімен микрокредит беруге байланысты қызықтыратын ұсыныстарына қарыз алушы әрқашан сақтықпен қараған жөн.

Микрокредит беру туралы шарт жасасу кезінде азаматтар мынадай маңызды шарттарға аса назар аударуы керек:

1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56%-дан аспауы тиіс. ЖТСМ шарттың талаптарында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. ЖТСМ Агенттіктің мына мекенжайы бойынша http://finreg.kz/?docid=3554&switch=kazakh сайтында тексеруге болады;

2) егер микрокредит сомасы 132 550 теңгеден (50 АЕК) аспаса, микрокредиттің мерзімі 45 күннен аспаса, артық төлем микрокредит мөлшерінен аспаса, айыппұлдың мөлшері кешіктірілген әр күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5%-нан аспаса, ал шарттың талаптарында микрокредит мөлшерін көбейтуге тыйым және шарттың қолданылу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қамтылса, бұл жағдайда сыйақының шекті мөлшері микрокредит сомасынан 30% аспауы мүмкін емес. Осындай шарттары бар микрокредитке шекті ЖТСМ (56%) сақтау талабы қолданылмайды;

2) шартта комиссиялар ұстау талаптары болмайды, ұйымға кез келген комиссиялар ұстауға тыйым салынады, егер ұйым микрокредит алу және оған одан әрі қызмет көрсету шеңберінде қандай да бір қосымша қызметтерге ақы төлеуді талап етсе, бұл «Микроқаржылық қызмет туралы» заңның бұзушылығы болып табылады;

3) ресми кірісі не құны әдеттегідей, берілген микрокредит сомасын жабатындай, расталған кірісі мен мүлкі болса микроқаржы ұйымынан микрокредит алуға болады;

4) егер қарыздар мен микрокредиттер бойынша ай сайынғы төлемдер қарыз алушының ай сайынғы кірісінің жартысынан асса, бұл қарыз алушының борыш жүктемесінің деңгейі рұқсат етілген шекті белгіден асты дегенді білдіреді, бұл қарыз алушы үшін мерзімін кешіктіруге жол береді және борыштық ауыртпалыққа тап болуы мүмкін;

Жалпы шарттың барлық талаптарымен (кепілді билет) мұқият танысқан, шарттың әрбір талабын, қарыз алушының міндеттемесін, сондай-ақ міндеттемені бұзған кезде қарыз алушы үшін салдарын жақсы түсінген дұрыс. Егер клиентте сұрақтары болса, оларды ұйым қызметкеріне қойғаны дұрыс, бұған әркімнің құқығы бар.

Адам қарыз (микрокредит) алу мәселесіне саралап, әбден ойланып келуі тиіс. Бұл берешекті өтеу қажеттілігіне байланысты әлі жетпейтін қаржылық шығасылар, психологиялық күйзеліс түріндегі салдарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің және ломбардтардың қызметі бойынша мәселелер туындаған жағдайда, Сізден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй мекенжайы бойынша, сондай-ақ Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына (Қазақстан Республикасының Агенттігінің www.finreg.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша, «Агенттік туралы» бөлімінде: «Агенттік құрылымы» - «Агенттіктің бөлімшелері» бөлімшелері) жүгінуді сұраймыз.