Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Назар аударыңыз, фишинг!

Wi-Fi-ға кірудің жалпы қолжетімді нүктелері – бұл  өркениеттің игілігі. Бірақ олар сіздің онлайн-қауіпсіздігіңізге қатер төндіруі мүмкін, әсіресе, егер сіз маңызды қаржылық операцияларды жүргізген кезде күмәнді Wi-Fi-желілерін және қорғалмаған жалғау нүктелерін пайдалансаңыз.

Ашық Wi-Fi-желілерді пайдаланған кезде өзіңіздің мобильдік Интернет-банкингке кіру, өзіңіздің кредит картаңыздың көмегімен желіде онлайн-шопингпен айналысу (осы мақсат үшін шектеулі ақша сомасы бар виртуалды картаны пайдаланған дұрыс) және басқасы қауіпті.

Алаяқтар барынша көп пайдаланушыларды тартуы және конфиденциалды ақпаратты: логиндерді, құпия кодтарды, парольдерді, электрондық поштаны және басқа маңызды банктік ақпаратты ұрлауы үшін өзінің жақсы сигналы және жылдам трафигі бар тегін Wi-Fi-желісін жасауы мүмкін.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген конфиденциалды ақпаратты енгізу талап етілетін сайттарда HTTPS:// префикстің болуын тексеріңіз. Сақ болыңыз және www.fingramota.kz-пен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

computer-threats-hacker.png