Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстан Ұлттық Банкі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ЕДБ-дің активтерінің сапасына бағалау жүргізу жұмысының нәтижелерін ұсынды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы                30 қаңтардағы  және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.K. Тоқаевтың 2019 жылғы 24 сәуірдегі тапсырмаларына сәйкес  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп    2019 жылы банк секторы активтерінің сапасына  тәуелсіз бағалау (бұдан әрі – АСБ) жүргізді.

АСБ бағдарламасы 14 екінші деңгейдегі банкті қамтыды, олардың үлесіне    активтердің 87%-ы және банктердің жалпы несие портфелінен 90% тиесілі. Қазақстандық банктердің жай-күйін бағалау қазақстандық нарықтың ерекшелігіне ең аз түзетулермен Еуропалық Орталық Банктің (бұдан әрі – ЕОБ) әдіснамасына сәйкес жүргізілді. Мұндай тәсіл алынған нәтижелерді осындай шетелдік бағдарламалардың нәтижелерімен салыстырып тексеруді қамтамасыз етті.

 АСБ нәтижелері 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жүйе деңгейінде, сол сияқты АСБ-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде капитал тапшылығының жоқ екендігін растайды. АСБ-ға қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ.

Шоғырландырылған деңгейде реттеушілік минимумға қатысты k1 капиталының артуы АСБ  түзетулерін ескере отырып АСБ-ға дейін ~105%-бен салыстырғанда ~70% болды. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірде АСБ нәтижелері бойынша капитал қоры жүйе деңгейінде 800 млрд теңгеге жуық болды. Орташа алғанда банктер бойынша капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті тәуекел бойынша орташа алынған активтер сомасынан 13%-ға жуық, ал ҚҰБ-нің нормативі 7,5% болды.

Осыған ұқсас, АСБ нәтижелері бойынша жүйе деңгейіндегі k2 пруденциялық капиталының қоры тәуекелдерді пруденциялық тұрғыдан (мысалы, ұжымдық резервтеу моделін бағалауға қатысты және  банктердің балансындағы жылжымайтын мүлікті қайта бағалауды ескере отырып) толық өтеу үшін жеткілікті.

Үстеме капиталдандыру және тәуекелдерді шектеу бойынша өздеріне міндеттемелер қабылдаған банктер бойынша  Ұлттық Банктің Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде активтерді қорғаудың қосымша құралы айқындалды. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қажетті шешімдері қабылданды және  әрбір қатысушы банкпен тиісті келісімдерге барлық тараптар қол қойды. Бағдарлама банктер акционерлерінің міндетті қатысуымен өтеулі және ақылы негізде іске асырылады.

Шешімдер АСБ-ны іске асыру кезінде көрсетілген банктердің жаңа кепілдерді қабылдау, проблемалық қарыздардың бөлігін өтеу, провизиялар және есептен шығару арқылы зиянды көрсету бөлігінде активтердің сапасын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Бұл ретте банктер және олардың акционерлері бағдарлама қолданылатын бүкіл мерзім ішінде олардың Бағдарламадан жедел шығуын ынталандыратын қатаң міндеттемелерді қабылдады.

АСБ нәтижелері бойынша банктер процестерінің, деректерінің, саясаттарының және рәсімдерінің сапасын арттыру бағыттары айқындалды. Ұсынымдар мен түзету іс-шараларын толыққанды іске асыру банктер салымшыларының мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді, тәуекелдердің жинақталуының алдын алады және қаржы жүйесінің ішкі және сыртқы күйзелістерге орнықтылығын арттырады.

Банктер үшін түзету шараларының негізгі қағидаттары айқындалған және қазіргі кезде банктердің іс-шараларында көрсетілген шараларды қолданыстағы саясаттар мен рәсімдерде жан-жақты көрсету үшін оларды нақтылау жүргізілуде. Осы жұмыс 2020 жылғы наурыздың соңына дейін аяқталады.

АСБ-ға қатысушы банктер бойынша АСБ нәтижелері көрсетілген қорытынды есеп 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 17-00-де Агенттіктің сайтында жарияланады.

Агенттік сондай-ақ WhatsApp арқылы немесе әлеуметтік желілерде таратылатын дәйексіз және қасақана жалған ақпараттың құқық қорғау органдарына берілетінін хабарлайды.

Агенттік «жедел желі» құрды, онда халықтың банк секторындағы ахуалға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтарға түсіндірмелер мен жауаптар жедел режимде беріледі (WhatsApp-та +77089332780 нөмірі бойынша).