Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Ұлттық Банк төлем жүйелерінің тізілімін жаңартты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында жаңартылған Төлем жүйелерінің тізілімін жария етті. 

Тізілімде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған 16 төлем жүйесі туралы ақпарат қамтылған. 

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты Anelik, Лидер, Интелэкспресс және Blizko төлем жүйелері төлем жүйелерінің тізілімінен алып тасталды.

Төлем жүйелері тізілімде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес және Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №222 қаулысымен бекітілген маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштері негізінде түрлері бойынша (жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелері) бөлінген.

Банкаралық ақша аударым жүйесі жүйелік маңызы бар төлем жүйесі болып табылады. Осы төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына және (немесе) Қазақстан Республикасының валюталық нарығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары, сондай-ақ мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатында ақша төлемдері және (немесе) аударымдары жүргізіледі .

2019 жылдың қорытындысы бойынша маңызды төлем жүйелеріне мыналар жатқызылған:

-   Банкаралық клиринг жүйесі, ол арқылы ұлттық валютада 26%-дан астам жеке төлемдер жүргізіледі;

-   Mastercard және VISA екі карточкалық төлем жүйесі, олар арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып банкаралық төлемдердің жалпы көлемінен 64% және 28% (тиісінше) жүргізіледі;

-   «Золотая корона» халықаралық ақша аударымдар жүйесі, ол арқылы 2019 жыл ішінде Қазақстан бойынша, шетелге және шетелден алынған ақша аударымдары жүйелері арқылы жүзеге асырылған жеке тұлғалар аударымдарының 62%-ы жүргізілді. 

Қалған 11 төлем жүйесі өзге төлем жүйелеріне жатқызылған.