Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Агенттік Төрағасының орынбасары М. Хаджиеваның Cbonds-Congress-тің «Қазақстан Республикасының борыштық нарығы» дөңгелек үстелі барысында сөйлеген сөзінің түйіндемесі

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Cbonds-Congress ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының борыштық нарығы» атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан қор нарығының ағымдағы жай-күйі және оның негізгі даму бағыттары туралы айтып берді.


М. Хаджиева мемлекеттік бағалы қағаздар мен облигациялардың теңгемен қаржыландыруды тарту үшін қор құралдарының ішінде барынша танымал болып қалатынын атап өтті. «Өткен төрт жылда мемлекеттік емес облигациялардың тіркелген шығарылымдарының көлемі іс жүзінде екі есе, ал МБҚ 29%-ға ұлғайды. Бұл БЖЗҚ, МӘСҚ және басқа қорлар атынан ірі институционалдық инвесторлардың шектеулі саны бар қор нарығының құрылымына негізделген», - деп хабарлады ол.

Мария Хаджиеваның айтуынша, аса ірі институционалдық инвесторлар мемлекеттік және корпоративтік борыштық құралдарға олардың өтімділігін және жоғары кредиттік сапасын ескере отырып мүдделі. Мәселен, Қазақстанның МБҚ және облигациялары банктердің және сақтандыру ұйымдарының зейнетақы активтерін, портфельдерін инвестициялаудың жиынтық құрылымында 80%-дан астам иеленуде.

«Борыштық қаржыландыруды дамытуды қоспағанда, қазіргі уақытта ұжымдық инвестициялар нарығын жандандыру байқалады. Инвестициялық қорлардың инвестицияланған активтері өткен төрт жылда 5 еседен астам, инвестициялық қорлардың саны 2 еседен астам ұлғайды. Біз бұны валюталық депозиттер бойынша төмен мөлшерлемелермен, сондай-ақ инвестициялық қорларды құру мен олардың жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды ырықтандырумен және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтумен байланыстырамыз», - деп хабарлады М. Хаджиева.

Ол Агенттіктің таяудағы болашақта өз алдына сыртқы инвесторларды тарту және ішкі стратегиялық инвесторларды дамыту міндеттерін қоятынын айтып берді. «Бұдан басқа, біз деривативтер нарығын, Финтех-ортаны дамытуға, сондай-ақ ШОБ-ты қор нарығы арқылы қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға күш-жігерді жұмылдырамыз», - деп хабарлады М. Хаджиева.

«Бағалы қағаздар нарығындағы қадағалау практикасын жетілдіруге қатысты Агенттік іс-қимыл және тепе-тең қадағалау қағидаттарын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл қадағалап назар аударудың клиенттердің құзыреті мен білімінің деңгейін ескере отырып қаржылық қызметтерді ұсынған кезде кәсіби қатысушылардың адал іс-қимылына ауысатынын білдіреді», - деп толықтырды қаржы реттеушісінің өкілі.

«Іске асыруға жоспарланып отырған барлық шаралар кешені Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ашықтығын және тиімділігін, оның сыртқы және ішкі инвесторлар үшін тартымдылығын және экономиканы қаржыландырудағы рөлін арттыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады М. Хаджиева.