Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бірнеше блоктан тұрады.

Бірінші блок 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Ұлттық Банкі аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлді. 

2.jpeg

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 33 941 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 173,3 млрд теңге сомасына 27 967 қарыз мақұлданды, револьверлік тетікті ескере отырып 159,8 млрд теңге сомасына 26 846 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші блогында 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру көзделген. Қарыздар Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландырылады.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 9 549 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 81 млрд теңге сомасына 8 985 қарыз мақұлданды, 67,4 млрд теңге сомасына 7 656 қарыз қайта қаржыландырылды.

Өңірлер және банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz сайтында «Банктердің ақшаны игеру туралы ақпарат»  бөлімінде толық танысуға болады.

Қарыздың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш жасау қажет.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Бағдарламаға қатысушы банктерге/ипотекалық ұйымдарға қарыздары Бағдарлама бойынша «халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша қайта қаржыландырылған қарыз алушылардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын мұқият, жан-жақты талдау негізінде, тараптардың келісімі бойынша қарыз алушыларды оңалтудың қосымша тетіктерін жеке тәртіппен қолдану құқығы берілді.

Банктің балансындағы тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару мақсатында  қаржы институттарына қарыз алушыны қаржыландыруды жүзеге асыру не оған кейіннен сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді жалға беру құқығы беріледі.

Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде қарыз алушылардың Банктердің Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялар құрамына Агенттіктің өңірлік өкілдері, әкімдіктер, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер кіреді.

Бағдарлама шарттарымен Агенттіктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады. Осы сілтеме бойынша қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасауы үшін банк қызметкерлерінің байланыс телефондары және банктердің ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселесін қарауына қажетті құжаттар тізбесі берілген. Сондай-ақ, www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «кері байланыс» функциясы және Бағдарламаны іске асыру шарттары бойынша сұрақ қою мүмкіндігі бар. Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда қарыз алушылар Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармаларына және банктерге олардың аумақтық тиесілігіне сәйкес өтініш жасау керек.