Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Сақтандыру шартын және сақтандыру полисін жасау кезінде неге назар аудару қажет?

Сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын және сақтандыру полисін жасау кезінде сақтандырушылар өз қызметін бұрын ҚР Ұлттық Банкі берген не 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) берген лицензияның болуы жағдайында жүзеге асыруға құқылы екендігін білу маңызды.

4+people+reviewing+documents.jpg

Тізімді Агенттіктің www.finreg.kz. сайтынан көруге болады.

Талдау көрсеткендей, азаматтар сақтандыру шартын жасауға дейін оның талаптарын мұқият оқымайды.

Сақтандырудың екі түрі бар - міндетті және ерікті.

Міндетті сақтандыру тиісті заңдармен: көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі; тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі; қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, туристі сақтандыру және т.б. 

Сақтандыру талаптары мен сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша сақтандыру ұйымы төлеуі тиіс  сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері  Қазақстан Республикасының заңнамасында жазылғанын еске саламын.

Ерікті сақтандыру

Ерікті сақтандырудың талаптары мен тәртібі азаматтық заңнамаға негізделеді және сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасындағы келісіммен және сақтандыру ұйымы дербес әзірлеген сақтандыру қағидаларының негізінде айқындалады.

Сақтандыру шарты мыналар: 

1.     тараптардың сақтандыру шартын жасауы;

2.     сақтанушыны сақтандырушы бір жақты тәртіппен жасаған үлгі талаптарға (сақтандыру қағидалары) қосуы (қосу шарты) және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жасалады. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтандыру шарты өзгелерден басқа, мынадай мәліметтерден тұрады: 

- сақтандырушының деректемелері (атауы, орналасқан жері, сақтандырушының телефон нөмірі және банктік деректемелері, БСН және басқа мәліметтер);

- сақтанушының, сақтандырылушының деректемелері (Т.А.Ә, ЖСН, тұрғылықты жері және басқа мәліметтер);

- сақтандыру нысанын көрсету;  

- сақтандыру жағдайын көрсету;

- сақтандыру сомасының мөлшері, валюта түрі, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі және мерзімдері; 

-  сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оның ішінде жеңілдіктер мен бағасын түсіру (бар болса), валюта түрі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу  тәртібі және мерзімдері; 

- сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуын немесе болмауын, сақтандыру полисін жасау күнін және қолданылу мерзімін көрсету;

- сақтандыру полисінің нөмірі (сақтандыру полисін сақтандырушының бланкісінде қағаз нысанда ресімдеу жағдайында) немесе дерекқор базасын қалыптастыру және жүргізу бойынша ұйым берген сақтандыру полисінің бірегей нөмірі (сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеу кезінде);

- сақтанушыны, сақтандырылушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері. 

accoun2-300x191.jpg

Маңызды: сақтандыру шартын жасаудың алдында оның талаптарының сақтанушының мүддесіне сәйкес болуын жан-жақты зерделеу қажет, сондай-ақ қажет болған жағдайда сақтандырушының өкілінен қолайсыз оқиғалардан қорғануға сенімді болу үшін шарттың күмән тудыратын ережелерін түсіндіруді сұрау керек. 

Сақтандыру шартының қандай талаптарына ерекше назар аударған жөн: 

1.     Сақтандыру жағдайларының, яғни сақтандыру төлемі төленетін жағдайлар тізбесі. Сақтандырушы шартта/полисте жазылған және көрсетілген жағдайлар болған кездегі тәуекелдер және сақтандыру   жағдайлары бойынша ғана өтемді төлейді.

2.     Сақтандыру жағдайларынан туындайтын артықшылықтар тізбесі. Сақтандыру жағдайларынан туындайтын артықшылықтарға сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеу құқығы қалдырылған сол жағдайлар жатады.

3.     Франшизаның болуы және мөлшері, яғни белгіленген жағдайларда өтелмейтін зиянның мөлшері. Франшиза не сақтандыру сомасына пайызбен не абсолютті мөлшерде белгіленеді.

4.     Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі іс-қимыл тәртібі. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарламасының мерзімі және тәртібі ерекше маңызды. Егер хабарламаның мерзімі немесе тәртібі бұзылатын болса, онда бұл орынды және объективті себептер бойынша хабарламау жағдайларын қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз бола алады.

5.     Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы мәселені қарауға қажетті құжаттар тізбесі. Әдетте, бұл жағдайларды растайтын құжаттар және сақтандыру жағдайының басталу себептері.

images (2).jpg

Кез келген шарттың талаптарын МҰҚИЯТ оқыңыз, оның барлық талаптарымен келіспейінше қол қоймаңыз.

Сақтандыру ұйымдарының заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін бұзушыларға тиісті шаралар, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген негіздер бойынша айыппұл түрінде шаралар қолданылатындығын білген жөн.

Осыған байланысты, егер, сіздің пікіріңіз бойынша, сақтандыру шарты/сақтандыру полисі заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін болса немесе сізге сақтандыру қызметтерін көрсету мәселелері бойынша  консультация қажет болса, Сіз Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш жасай аласыз.