Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстан қаржы секторының дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға және кәсіпкерлерді қолдауға қатысуы туралы

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, 18 наурыз 2020 ж.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Қазақстан қаржы секторының қатысушылары Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық қызметтерді тұтынушылар – клиенттерді қолдауға бағытталған шұғыл шаралар кешенін әзірлеуіне қолдау көрсететінін атап өтеді.

f0c16b10-a529-11e8-81c9-1b431fd718bc-rimg-w1024-h683-dcffbe00-gmir.jpg

Банктер өз тарапынан мынадай қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады:

1.     ҚР-да төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер салдарынан қарыз алушыларда төлемдер бойынша мерзімін кешіктіру бойынша айыппұл мен өсімпұл есептемеу. Бұл шараның қолданылуы үшін жеке тұлғалардың банкке жүгінулерінің қажеті жоқ. 

2.     ҚР-дағы төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзетулер қабылданған және күшіне енгеннен кейін жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақы есептеу тоқтатылсын. Бұл шараның қолданылуы үшін де банкке жүгінудің қажеті жоқ.

3.     Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер енгізу салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеке тәртіпте кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша мерзімін 90 күнге дейінгі кейінге қалдыру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылатын болады. 

Банктер көрсеткен ресурстарға немесе арнаға (электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн жүйесі, банктің интернет ресурсы) жазбаша түрде жіберілген қарыз алушылардың онлайн өтініштерін банктер қарайтын болады. Әр банк үшін өтініштерді қабылдаудың бөлінген арнасы туралы ақпарат оның интернет ресурсында орналастырылатын болады.

Банк өтінішті қарау барысында қажетті растайтын құжаттарды сұратады және қарыз алушыға қарау нәтижелерін хабарлайды.

Қазақстан қаржы нарығының қатысушылары Үкімет пен қаржы секторының шараларды іске асыруы нәтижесінде отандық бизнеске қажетті көмек көрсетілетін болады, сондай-ақ борыштық және салық ауыртпалығын азайту, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындар құру арқылы халық үшін әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етіледі.