Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Абайлаңыз, коронавирус! Қаржы алаяқтарының бес арамза тәсілі

2020 жылғы 16 наурыз – 15 сәуір аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай енгізілді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурызда 00-сағаттан бастап карантин енгізілді. Барлық ақпараттық хабарлар және әлеуметтік желілер COVID-19 туралы жаңалықтарға толы. Көптеген банктер және компаниялар қашықтан жұмыс істеу режиміне өтуде, қазақстандықтар көп жағдайда онлайн-төлемдер жасауда. Бұл жағдйды қаржылық алаяқтар пайдалануы мүмкін, олар жаңа коронавирус пандемиясы аясында жанданып отыр.

Алаяқтар халықтан қаражатты тартып алуға бағытталған түрлі алаяқтық схемаларын әзірлеп, іске асыруда. Қаржы алаяқтарының көптеген арамза тәсілдері Қазақстанның және шетелдік БАҚ-та сипатталуда. Fingramota.kz қазақстандықтар ұшырауы мүмкін олардың бесеуін атап көрсетіп отыр және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері туралы еске салады.

№1. Тәсілдердің бірі медициналық маскалар мен дәрі-дәрмектер сататын банктердің және басқа ұйымдардың, интернет-дүкендер мен дәріханалардың фишинг сайттарын жасауға байланысты болуы мүмкін. Пайдаланушыларға олардың төлем карталарының конфиденциалды деректерін енгізу ұсынылады, бұл нәтижесінде картадағы ақша сомасын есептен шығаруға алып келеді. Немесе жеткізілмейтін тауар үшін қаражат енгізу ұсынылады.

№2. Алаяқтар өздерін қаржы ұйымының қызметкеріміз деп таныстыра отырып, азаматтарға алып-сатарлық мақсатта валюта сатып алу үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен ірі сомаға кепілсіз кредиттер ресімдеуді ұсынуы және төтенше жағдайлар немесе карантин уақытында өсімпұлдар мен өтеу мерзімінің өтіп кету болмайды деп уәде беруі мүмкін.

№3. Алаяқтар сондай-ақ салымдар бойынша жоғары пайыздар болады деп уәде бере отырып, әлеуметтік желілерде жарнама науқанын іске қосуы немесе WhatsApp-та таратуы мүмкін. Бұл қаржы пирамидаларының бірі екені Сіздің есіңізде ме? Өз ақшаңызды күмәнді ұйымдарға сене отырып, сақ болуыңыз керек.

№4. Кейбір елдерде алаяқтар коронавирус жөнінде ақпарат бар электрондық хаттар таратады, онда дербес деректерді енгізу немесе банк операцияларын жүргізу қажет болатын әртүрлі сілтемелер көрсетіледі. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардың жеке төлем деректерін алу үшін зиянды салынымдар алуды ұсынады. Мысалы, киберқылмыскерлер пайдаланушыларға инфекциямен күресу үшін қайырымдылық жасауды ұсынады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хатын жібереді, сонымен қатар төлем карталарының деректерін алады.

№5. Вишинг-алаяқтар қулыққа барады. Ауырып қалған туысқандардың сенгіштігін пайдалана отырып, онлайн-төлем арқылы түрлі медициналық қызметтерге ақы төлеуді ұсынуы мүмкін, бұл үшін олар телефон бойынша ашаны есептен шығаруға арналған мынадай ақпаратты талап етеді: ЖСН, картаның деректері, SMS-хабарламадан код.       

Алаяқтық тәсілдері мен түрлері өте көп, ең негізгісі мынадай бірнеше қарапайым қағидаларды сақтау керек:

1. Ешкімге ешқашан парольді, кодтарды немесе төлемдерді растау үшін пайдаланылатын өзге де конфиденциалды деректерді айтпаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері парольдар мен кодтарды басқа адамдарға берілмейтіндей етіп жасалады.

2. URL-мекенжайларын тексеріңіз. Әсіресе бейтаныс жіберушілерден алынған сілтемелерді тексеріңіз. Алаяқтар көбінесе жазылуы бойынша ұқсас доменді пайдаланады.

3. Конфиденциалды ақпаратты, мысалы, пароль енгізуді қажет ететін сайтарда HTTPS:// префиксінің болуын тексеріңіз.

4. Заманауи браузерлердің көбі көпшілік фишинг-шабуылдарға қарсы іс-қимыл тетіктерінен тұрады. Қауіп-қатер туралы браузердің хабарламасына назар аудару қажет.

5. Егер сіз өз банкіңіздің интернет-банкингі жүйесінде әсіресе төлемдер жасауға ниеттенсеңіз, ұйымның сайты немесе парақшасы фейк болып табылатын-табылмайтындығына күмәндансаңыз, осы ұйыммен байланысып, ақпаратты нақтылаңыз. Дұрысы банкке хабарласып, ақпаратты нақтылаңыз. Банктік менеджерлер клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды, сондықтан егер қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS кодын сұраса, телефонмен сөйлесуді тоқтатып, қызметке көрсететін банкіңізге хабарласуды есте ұстаңыз.

Қол қоятын барлық құжаттарды мұқият оқыңыз, көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырыңыз.

 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке қашықтан:

- пошта немесе курьер арқылы жеткізілетін жазбаша өтінішпен, оның ішінде Өңірлік өкілдер басқармасына жүгіне алады. Агенттіктің хат-хабарларын қабылдау үшін Пошта жәшігі Агенттіктің ғимаратының № 1 кіре берісінде орналасқан, мекенжайы: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200;

- қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қажетті жедел ақпарат алу үшін жүгіне алады:

Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры Александр Терентьевтің TAL@finreg.kz электрондық поштасы немесе +77011110471 телефоны бойынша;

Департамент директорының орынбасары Ксения Калиеваның Kseniya.Kaliyeva@finreg.kz электрондық поштасы бойынша;

Департаменттің қаржы өнімдерін мониторингтеу басқармасының бастығы Рүстем Оспанқұловтың Rustem.Ospankulov@finreg.kz электрондық поштасы бойынша;

- Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамыту басқармасының бастығы Мениса Хуснутдинованың Menissa.Khusnutdinova@finreg.kz электрондық поштасы бойынша немесе www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарындағы «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар» баннерін басу арқылы, оған жасалған сілтеме «Кредиттер» бөлімінде («Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы» шағын бөлімі) тиісті айдарға апарады;

- халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша Департаменттің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сәуле Ынтықбаеваның Fingramota@finreg.kz электрондық поштасы бойынша. 

- WhatsApp арқылы +77089332780 нөмірімен, сондай-ақ www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарындағы «Кері байланыс» бөлімінің электрондық нысаны арқылы;

 

- Өңірлік өкілдер басқармаларына – аумақтық тиістілігі бойынша.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармалары


р/с

Басқармалардың атауы

Мекенжайы

Телефоны

1.

Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

010000, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21

8 (717) 2703333 RustamGabdulkafeev@finreg.kz

2.

Көкшетау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

020000, Көкшетау қ, Әуезов к-сі, 214

8 (7162) 551806

Gulnara.Omarova@finreg.kz

3.

Ақтөбе қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

030000, Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45

8 (7132) 703916

Zhanar.Aitbai@finreg.kz

4.

Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

050000, Алматы қ., Панфилов
к-сі, 98

8 (727) 3302967 Salyma.Dzhurunova@finreg.kz

5.

Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

040008, Талдықорған қ., Төлебаев к-сі, 58/64

8 (7282) 559505 Baglan.Dikhanchinov@finreg.kz

6.

Атырау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

060002, Атырау қ., Уәлиханов
к-сі, 2а

8 (7122) 556517 Aslanbek.Kabessov@finreg.kz

7.

Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

070004, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3

8 (7232) 560671

Murat.Sertayev@finreg.kz

8.

Тараз қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

080000, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 137

8 (7262) 999350 Dauren.Tulepbergenov@finreg.kz

9.

Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

090000, Орал қ., Досмұхамедов
к-сі, 16/1

8 (7112) 509328 Aiman.Aidarova@finreg.kz

10.

Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

100000, Қарағанды қ., Бұхар жырау
д-лы, 19

8 (7212) 559335 Anna.Ridel@finreg.kz

11.

Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі,195

8 (7142) 990919 Aset.Kuanyshbaev@finreg.kz

12.

Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

120015, Қызылорда қ.,
Б.Асқар к-сі, 30

8 (7242) 551525 azeke@finreg.kz

13.

Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

130000, Ақтау қ., 23-шағын аудан

8 (7292) 701508 Nurtas.Mashanov@finreg.kz

14.

Павлодар қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

140000, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев
к-сі, 44

8 (7182) 704440

8 (7182) 704422 Tolkyn.Nurmahin@finreg.kz

15.

Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы
к-сі, 6

8 (7152) 551535 Alma.Daurenbekova@finreg.kz

16.

Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2

8 (7252) 997922

8 (7252) 997923 Abilgazy.Kalnazarov@finreg.kz

17.

Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

161200, Түркістан қ., Тәуке хан
д-лы, 371

8 (72533) 59965 Nurzhan.Ormanov@finreg.kz