Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың назарына!

Құрметті қаржылық қызметтерді тұтынушылар сіздерге қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің карантин кезеңінде жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеуі туралы қысқаша ақпаратты жолдаймыз.

Екінші деңгейден алынатын ақпарат келіп түсуіне қарай жаңартылып отыратынын хабарлаймыз.

Қазақстанның қаржы секторы дағдарысқа қарсы және кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларына қатысуда

14.png

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп Үкімет пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар кешенін әзірлегенін қолдайды

Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне банкке немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға бармай-ақ онлайн режимде қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады.

 

Банктер өз тарапынан мынадай қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады:

1.     ҚР-да төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде қарыз алушыларда төлемдер бойынша мерзімін өткізу бойынша айыппұл мен өсімпұлды есептемеу. Бұл шараның қолданылуы үшін жеке тұлғалар банкке өтініш жасамайды.

 

2.     ҚР-дағы төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзетулер қабылданғаннан және күшіне енгеннен кейін жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен астам өткен кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақы есептеу тоқтатылсын. Бұл шараның қолданылуы үшін де банкке жүгінудің қажеті жоқ.

 

3.     Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеке тәртіпте кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша мерзімін 90 күнге дейінгі кейінге қалдыру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

 

Банктер көрсеткен ресурсқа немесе арнаға (электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн жүйесі, банктің интернет ресурсы) жазбаша түрде жіберілген қарыз алушылардың онлайн өтініштерін банктер қарайтын болады. Әр банк үшін өтініштерді қабылдаудың бөлінген арнасы туралы ақпарат оның интернет ресурсында орналастырылады.

Банк өтінішті қарау барысында қажетті растайтын құжаттарды сұратады және қарыз алушыға қарау нәтижелерін хабарлайды.

Қазақстан қаржы нарығының қатысушылары Үкімет пен қаржы секторының шараларды іске асыруы нәтижесінде отандық бизнеске қажетті көмек көрсетілетін болады, сондай-ақ борыштық және салық ауыртпалығын азайту, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халық үшін әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етіледі деп сенеді.

 

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ)

Тел.: +7 (727) 266-77-77

afk@afk.kz

http://www.afk.kz/

 

 

Төтенше жағдай кезеңінде Halyk Bank кредиттерін өтеу туралы

1.jpg

Қазақстанның жетекші банкі ретінде Halyk Bank бүгінгі күні елде орын алған төтенше ахуалға байналысты отандастарымыздың жағдайына алаңдаулы. Сол себепті Банк Үкімет пен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын қолдай отырып, келесі қадамдарды қабылдады:

 


Жеке тұлғалар бойынша:

1.      2020 жылғы 16 наурыздан бастап, Қазақстанда төтенше жағдайдың әрекет ету мерзіміне дейін Банк осы төтенше жағдай салдарынан төлем мерзімі өткен кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Барлық іс әрекеттерді Банк өзі автоматты түрде орындайды. Ол үшін Банкке арнайы келудің қажеті жоқ;

2.      Қазақстанда орын алған төтенше жағдайдың салдарынан төлем мерзімі 90 күннен асқан кепілсіз тұтынушылық заемдар бойынша ҚР заңнамасына тиісті толықтырулар қабылданғанда және олар өз күшіне енген күннен бастап, Банк пайыздық сыйақының есептелуін тоқтатады. Жоғарыда аталған есептеулер тоқтатылғанда Банк қосымша хабарлайтын болады.

ЖК және ШОБ субъектілері бойынша:

 

3. Банк жеке тәртіпте кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін 90 күнге дейін ұзартады (төлемдердің жаңа кестесі қарастырылады). ШОБ клиенттері online-желілері арқылы (сайт, info@halykbank.kz) және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелерге хабарласа алады (https://halykbank.kz/branches_atm).

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ

Жеке тұлғалар үшін - 7111 (Ұялы телефоннан тегін)

Заңды тұлғалар үшін - 9595 (Ұялы телефоннан тегін)

www.halykbank.kz

 

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасының іске қосылатындығы туралы Kaspi.kz хабарлады  

 

15.jpg

«Kaspi Bank» АҚ Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасын іске қосу және жұмысын жоғалтқан және нәтижесінде уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұлғаларға 2 айға төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну туралы шешім қабылдады.

 

Клиенттерді қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтінімді Kaspi.kz мобильдік қосымшасына 2 сәуірге дейін беруге болады. Kaspi Bank бұны клиенттердің ешқайда шықпауы үшін мобильдік қосымшада ғана іске асыруды жоспарлап отыр.

«Біз клиенттерімізге қолдау көрсету үшін өз бағдарламамызды іске қосамыз деп шештік. Жұмыссыз қалған және соның нәтижесінде уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерімізге кредиттері бойынша ай сайынғы төлемді екі айға кейінге қалдыруға мүмкіндік береміз», – деп хабарлады Kaspi.kz АҚ компаниясының акционері және Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе.

 

Кейінге қалдыру талаптары:

 

- Біріншіден, төлем бойынша кейінге қалдыру бағдарламасына қатысу үшін клиенттің мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.

- Екіншіден, төлемдерді кейінге қалдыру тек 18 наурызға дейін алынған қарыздар бойынша беріледі .

- Үшіншіден, төлемдер бойынша кейінге қалдырылған клиенттер қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредиттер ала алмайды.

 

«Kaspi Bank» АҚ

Байланыс орталығы: 9999

https://kaspi.kz

 

 

Сбербанк Қазақстан елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өз клиенттеріне қолдау көрсетуге дайын

 

4.jpg

2020 жылғы 18 наурыз, Алматы қ. – Қазақстан Республикасының аумағында коронавируспен күреске бағытталған төтенше шаралардың қабылдануына байланысты Сбербанк осындай әрекеттер нәтижесінде қызметіне әсер еткен клиенттеріне көмек көрсетуге дайын екендігін білдіреді.

 

Бірінші кезекте, Сбербанк клиенттерге қашықтан қызмет көрсетуге күш-жігерін одан әрі көбірек жұмсап, жұмысын қайта ұйымдастырды. Клиенттерге кез келген уақытта Сбербанктің онлайн арналары қол жетімді.

Онда олар үйлерінен немесе офистен шықпай-ақ банк қызметтерін ала алады.

Банк республиканың бүкіл аумағында төтенше жағдай режимінің және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің енгізілуі көптеген дара кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, сондай-ақ жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған азаматтардың қаржылық жағдайына әсер ететінін түсінеді.  

Жоғарыда жазылғанға байланысты Банк Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларымен келісетіндігін білдіреді. 

Атап айтқанда, Банк клиенттер үшін мынадай қолдау шараларын ұсынады:

 

1.     ҚР-да төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Сбербанк Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде жеке тұлғаларда - банк клиенттерінде туындаған төлемдердің өтіп кетуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Қарыз алушылар бұл мәселе бойынша Банкке өтініш жасамайды, Банк есептеудің күшін біржақты тәртіппен дербес жояды.

2.     ҚНРДА мәлімдеген, жеке тұлғаларың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салуды енгізу бойынша бастамасын назарға ала отырып, Банк заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістерді іске асырғаннан кейін тиісті іс-қимыл жасайды. Бұл ретте қарыз алушылар да Банкке өтініш жасамайды, барлығы біржақты тәртіппен жүзеге асырылады.

3.     Қаржылық жағдайы Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеке тәртіппен кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі қаралады. Мерзімін кейінге қалдыру үшін Банктің филиалдарына жеке өтініш жасаудың қажеті жоқ, СбербанкБизнесОнлайн/СберБизнес интернет банктің жүйесі арқылы өтініш жіберу жеткілікті. Өтінішті алған соң Банктің өкілі шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұрату үшін Сізбен байланысады.

 

Сбербанк жоғарыда көрсетілген шаралар Банк клиенттерінің қаржылық әл-ауқатына, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді деп күтеді.

 

Анықтама үшін:

Бүгінгі күні «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдар желісі бар, оның 17-сі филиал болып табылады. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

 

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                                  

+7 (727) 250 00 60, +7 (727) 250 30 20

Тегін желі: 8 8000 80 60 60, тегін желі: 5030

ЦентрКредит Банкі ШОБ қарыз алушылары үшін төлемдерді 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырудың енгізілгенін хабарлайды

 

2.png

«ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әріБанк) төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ШОБ субъектілері үшін негізгі борыш пен сыйақы төлемдерін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырудың енгізілгенін хабарлайды. Бұл шаралар алдында хабарланған төтенше жағдай режиміне байланысты енгізіледі.

 

Банкте ШОБ клиенттеріне қолайлы болу үшін арнайы нысан әзірленді, оны толтырып, қол қойып, сканерлеп және restructuring@bcc.kz электрондық поштаға жіберу қажет.

Нысанды мұнда (сілтеме) алуға болады.

Әр хат дербес тәртіппен қаралатын болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі – 15.04.2020 жылға дейін.

«Қазіргі жағдайда үлкен салмақ экономиканың нақты секторына түсетіндігін жақсы түсінеміз, – деді ЦентрКредит Банкі Басқармасының Төрағасы Галим Хусаинов. – Осыған байланысты ЦентрКредит Банкі ТЖ режиміне байланысты шектеулер енгізілуі салдарынан бизнесі зардап шеккен қарыз алушыларымыздың борыш жүктемесін жеңілдету жөнінде кешенді шаралар енгізеді.

Бүгін Банк ШОБ қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға дайын. Қабылданған шаралар біздің бизнес-клиенттерімізді осы сәтте қолдайтындығына сенімдіміз. Мерзімін кейінге қалдыру бойынша барлық өтініш қаралатындығын жауапты түрде мәлімдеймін. Клиенттерге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын және орын алған ахуалды ауыртпалықсыз өткеруге тілектеспін».

Қабылданған шаралар туралы барлық қосымша ақпаратты Банктің менеджерлерінен не ЦКБ Call-орталығында телефондар арқылы алуға болады:

 

 

 

 

Жеке тұлғалардың мерзімі кешіктірілген кепілсіз қарыздары бойынша айыппұл есептеуді тоқтататыны туралы

 

«ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап, төтенше жағдай кезеңінде жеке тұлғалардың кепілсіз қарыздары бойынша төлемдер бойынша мерзімін өткізіп алу 90 күннен асқан кезде айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейтінің хабарлайды.

Бұл шара Банктің ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты кредит бойынша міндеттемелерін орындай алмайтын клиенттеріне қолданылады. Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін мерзімі өткен берешектің 50%-нан астамы 12 ай ішінде өтелген және кейінен міндеттемелер орындалған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету бойынша мүмкіндік көзделеді.

Айыппұлдар есептеуді тоқтатудың автоматты режимде жүргізілетінін, клиенттерге Банктің бөлімшесіне келудің қажеттілігі жоқ екені атап өту қажет.

«ЦентрКредит Банкі», әлеуметтік бағдарланған институт ретінде біздің қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар кешенін енгізеді, - деп айтты ЦентрКредит Банкі Басқармасының Төрағасы Ғалым Құсайынов. – Біз, қабылданған іс-қимылдарды біздің клиенттердің ел үшін күрделі болып отырған кезеңде қолдайтынына сенімдіміз. Клиенттерімізге Банкке сенім білдіргені және түзу көзқарасы үшін алғысымызды білдіреміз.

Банк реттеушінің бастамаларын және клиенттеріміздің ниеттерін әрқашан қолдайды. Сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің өз қызметін стандартты режимде жүзеге асыруын жалғастыратынын атап өткім келеді. Бөлімшелерде антисептикалық қорғаныш шаралары күшейтіледі».

Қабылданған шаралар туралы барлық қосымша ақпаратты Банктің менеджерлерінен не ЦКБ Call-орталығынан мына телефондар бойынша алуға болады:

 

«ЦентрКредит Банк» АҚ

Жеке тұғлалар үшін:

+7 (727) 244 30 30

505 – мобильді телефоннан тегін

 

Заңды тұлғалар үшін:

+7 (727) 244 30 44

605 – мобильді телефоннан тегін

 

ВТБ Банкі ТЖ режимінің енгізілуінен зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсетеді

 

8.jpg

ВТБ Банкі (Қазақстан) Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулердің енгізілуі нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздарын қайта құрылымдауға дайын. Төлемді 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі жеке тәртіппен қарастырылатын болады.

 

ШОБ клиенттерінен қайта құрылымдауға өтінімдер SMB_VTB@vtb-bank.kz электрондық поштасына 2020 жылғы 15 сәуірге дейін қабылданады.

 

ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде жеке тұлғалар-клиенттерге қатысты ВТБ Банкі (Қазақстан) Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде қарыз алушыларда туындаған төлемдер мерзімінің өтуіне байланысты айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді. Ол үшін банкке жүгінудің қажет жоқ.  

Төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзетулер қабылданғаннан және күшіне енгеннен кейін ВТБ Банкі (Қазақстан) жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша пайыздық сыйақы есептеуді тоқтатады. Бұл мәселе бойынша жеке тұлғалардың өтініштерін банк ТЖ режимі алынғаннан кейін қарайтын болады.

Банк ұжымы ахуалдың жылдам қалыпқа келетіндігіне сенім білдіреді және барлық клиенттеріне мықты денсаулық тілейді.

 

 

ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан)

Тел: (727) 330-40-70

web: www.vtb-bank.kz

Альфа-Банк ТЖ енгізуден зардап шеккен қарыз алушыларды қолдайды

 

   5.jpg

Альфа-Банк өзінің барлық клиенттеріне төтенше жағдайдан немесе COVID-19 коронавирус әлемдік пандемияға байланысты карантиннен кірістерінен айырылғанын растаған кредиттері бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады

 


Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамасын қолдады.

Банк өз клиенттерінің қауіпсіздігі үшін «Альфа-Банк Қазақстан» мобильдік қосымшасы арқылы мерзімін кейінге қалдыруға өтінімдерді қашықтан қабылдауды іске асырады. Өтінімді беру мүмкіндігі 2020 жылғы 31 наурыздан бастап сервисте пайда болады. Негізгі борыш бойынша 3 айға дейін мерзімін кейінге қалдыру 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай жарияланғанға дейін ресімделген қарыздар бойынша алуға болады. Өтінім беру сәтіне клиенттің кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс. Өтінімді қарау мерзімі – 15 күн.

Бұл ретте, банкте жаңа кредиттерді ресімдеу кезде және әлемде қиын экономикалық жағдайды ескере отырып өз мүмкіндіктеріне сеніп ресімдеуді ұсынады.

ТЖ және карантин барлық кезеңінде үйден шықпағаны дұрыс. Алдыңғы қатарлы сандық банктердің бірі ретінде Банк өзінің клиенттері негізгі банк қызметтерін онлайн – өз компьютер немесе телефон арқылы алуына барлық мүмкіндікті жасайды. Банктің жеке тұлғалар үшін қосымшасында «Альфа-Банк Қазақстан» бүгінгі күні барлық күнделікті: кредит төлеу, коммуналдық қызметтерді, байланыс, интернет, ақша аудару, оның ішінде картадан картаға және көптеген басқа операцияларды жасай алады.

Бұл ретте «Альфа-Банк Қазақстан» заңды тұлғалар үшін SMS-код арқылы қызметтерді, тауарларды және салықты төлеуге болады, PDF-файлда сақтап және үзінді көшірмелерін мессенджерлер арқылы жібереді, деректемелерді партнерларға және клиенттерге жібереді, өз шоттар мен транзакцияларды бақылай алады.

 

«Альфа-Банк» АҚ

Тел.: + 7 (727) 244 75 75

Байланыс орталығы: 2510

www.alfabank.kz

 

 

АТФБанк өзінің клиенттерінің мүддесін ҚР-дағы төтенше жағдай кезінде қалай қорғайды?

 

10.png

Отандық бизнес үшін, сол сияқты қарапайым азаматтарға тәуекелдерді жеңілдету үшін, АТФБанк төтенше жағдай режимі қаржылық жай-күйіне әсер еткен клиенттерді қолдау бойынша белсенді шаралар қабылдайды.

 

АТФБанк не істейді:

 

•        ТЖ кезеңінде АТФБанк клиенттеріне кредиттер бойынша төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді. Бұл ретте жеке тұлғаларға ешнәрсе жасаудың және банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ, барлығы автоматты түрде орындалады;

•        кепілсіз тұтынушылық кредиттері бар клиенттер-жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен асқан жағдайда АТФБанк пайыздық сыйақы есептемейді. Бұл жағдайда да клиенттерге банкке жүгінудің қажеті жоқ, тек ҚР заңнамасына тиісті түзетулердің күшіне енгізілуін күту қажет.

•        ДК және ШОБ субъектілері үшін, егер ТЖ режимі олардың бизнесіне кері әсерін тигізсе, АТФБанк төлемдер бойынша 90 күнге дейінгі мерзіммен кейінге қалдыру және кредиттер бойынша өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігін жеке тәртіппен қарауға дайын. Бұл үшін клиенттер өзінің қызметін тоқтатқаны немесе тоқтата тұрғанын растауы қажет.

Өтініш беру кезінде кәсіпкерлер кез келген қолайлы онлайн арнасын пайдалана алады, олар: ATFonline интернет-банкингі, ATFBusiness ұялы қосымшасы, atfbank.kz банк сайты, сондай-ақ info@atfbank.kz электрондық поштасы. Толық нұсқаулық банктің барлық онлайн ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады.

 

АТФ Банк төмендегіні хабарлайды:

 

АТФ Банкі Басқармасының Төрағасы Сергей Коваленко мынадай түсініктеме берді:

«Банк командасы өз клиенттерін қолдауға және ТЖ режимінің олардың қаржылық жағдайына әсер етуін барынша азайтуға барлық күшін салады. Банк қызметтері толығымен қолжетімді, клиенттер өз қалауы бойынша АТФ банктің барлық бөлімшелерінен ала алады, алайда мен біздің онлайн-сервистерімізді пайдалануды ұсынамын, онлайн-сервистер арқылы клиенттеріміз кез келген уақытта және кез келген жерде өз қаражатын басқара алады».

АТФ Банк төтенше жағдайда өз бөлімшелерінде толық көлемде қызмет көрсетуімен қатар клиенттерді мынадай цифрлық платформаларды пайдалану арқылы қашықтықтан қызмет көрсетуге көшеді:

 

- жеке тұлғалар үшін интернет-банкинг ATF24,

- ATFBusiness – дара кәсіпкерлер үшін,

- ATFOnline – заңды тұлғалар үшін.

 

АТФ Банк өз клиенттері мен серіктестерін жағдайдың өзгеруіне қарай хабардар етуін жалғастырады және әрқашанда орталықтың 2424 телефоны байланыста болады.

Банктің Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 17 филиалы және бөлімшелері мен банкоматтарының желісінен кеңінен таралған.

 

«АТФБанк» АҚ

Тел.: 8 8000 800 283

Тел.: +7 727 258 30 74, +7 727 258 38 88

contactcentre@atfbank.kz

info@atfbank.kz

www.atfbank.kz

  

Еуразиялық банк ТЖ кезінде қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларды қолдайды

 

6.png

«Еуразиялық банк» АҚ коронавирус індетіне байланысты елде төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде кредиттерді өтеу қиындықтарына тап болған қарыз алушыларға қолдау көрсетеді.


Банк Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің айыппұлдар мен өсімпұлдарды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты экономикалық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға – жеке және заңды тұлғаларға қарызды өтеу мерзімін ұзарту жөніндегі бастамасын толығымен қолдайды.

Қазіргі уақытта Еуразиялық банк азаматтардан және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін әзірлеуде, бұл жөнінде қосымша хабарлайды. Қарыз алушылардан – жеке тұлғалардан – мерзімін ұзартуға өтініш және жұмыс берушінің қызметкердің еңбек шартын өзгерту және экономикалық жағдайын нашарлату туралы бұйрық/хат/хабарлама сияқты растайтын құжат талап етіледі. Мысалы, ақы төленбейтін демалыс туралы бұйрық, жалақыны азайту, еңбек шартын бұзу, жалға алу/қызмет шартын тоқтату (тоқтата тұру) туралы хабарлама немесе басқалар.

Жеке тұлғалар бойынша –жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынуға мүмкіндігі жоқ дара кәсіпкерлер (ДК) өтініштері өтініш бойынша және ДК тіркеу куәлігін немесе салық сайттағы парағын скриншот жасап ұсыну бойынша қаралады.

Клиенттер – жеке тұлғалардың өтініштеріне арналған байланыс телефондары:

+7 (771) 000-77-22 — Beeline;

+7 (700) 000-77-22 — Tele2/Altel;

+7 (702) 000-77-22 — Kcell/activ.

 

Клиенттер – заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған байланыс телефондары:

+ 7 (776) 217-11-11 — Beeline;

+ 7 (778) 217-11-11— Kcell/activ;

+ 7 (747) 217-11-11 — Tele2/Altel.

 

«Еуразиялық банк» АҚ

Тел.: +7 (727) 332-77-22

E-mail: contactcenter@eubank.kz

eubank.kz

 

 

Bank RBK коронавирустың таралуынан зардап шеккен өз клиенттеріне қолдау         көрсетеді


 13.jpg   

Bank RBK (бұдан әрі-Банк) коронавирустың өршуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға көмек көрсету қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің (ҚРФР) бастамаларына қолдау білдіреді.

 

Қазақстан Республикасында қабылданған шаралардың бұрын-соңды болмаған сипатын сезіне отырып, Банк төтенше жағдай кезеңінде қалыптасқан қиын қаржылық жағдайға тап болған өзінің жеке және заңды тұлғаларының қарыздары бойынша айыппұлдар мен өсімдерді есептеуден бас тарту мүмкіндігін зерделеуде.

Бұдан басқа, Банк төлем мерзімі 90 күннен астам уақытты құрайтын .жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақыны есептеуді тоқтатады.

Сонымен бірге Банк 12 ай ішінде мерзімі өтіп кеткен берешектің 50% - дан астамын өтеген және кейінгі міндеттемелерді орындаған қарыз алушыларға теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігінің берілетіні туралы бастамамен бөліседі.

Банк берешекті өтеу кестесін қайта қарауды қоса есептегенде, шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің міндеттемелерді қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыратын болады.

Қазіргі уақытта банк клиенттерден өтініштерді қабылдап, қарау тәртібін әзірлеп, осы жұмыс аяқталғаннан кейін оның нәтижесін барлық мүдделі тараптарға жеткізетін болады.

"Біз еліміздің басына осындай қолайсыз кезең туып тұрған сәтте клиенттеріміз бен серіктестеріміздің жағдайын толық түсінеміз. Банк қарыз алушыларға көмек көрсету тетігін әзірлейді және олардың өтініштерін жеке тәртіппен қарауға дайын болады. Біз барлығымыз күш - жігерімізді біріктіретін болсақ,   қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, тұрақтылыққа, өсіп –өнуге және өрлеуге деген мүмкіндікке тез оралатын боламыз ", - деді Банк Басқармасының төрайымы Наталья Акентьева.

«Bank RBK» АҚ
Тел.: + 7 (727) 330-90-30

Желі: 7888

Email: info@bankrbk.kz

www.bankrbk.kz

 

 

"ForteBank" АҚ ТЖ кезеңінде кредиттерді өтеген кезде жеңілдіктер береді

 

7.jpg

2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді.

ForteBank қиын жағдайға ұшыраған өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін және ҚР Үкіметі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын ескере отырып мынаны хабарлайды:

 

Жеке тұлғалар бойынша

 

Банк клиенттердің өтініш жасауына қарай кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауды жеке тәртіппен 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады. Банк ТЖ кезеңінде жеке тұлғаларда туындаған төлемдердің кешіктірілуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

Жеке тұлғалардың қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептемеу тоқтатыла тұрады.

 

ДК және ШОБ субъектілері бойынша

 

Жеке тәртіппен банк кредиттік міндеттемелер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды күнтізбелік 90 күнге дейін береді.

Мерзімін кейінге қалдыру қаржылық жай-күйі Қазақстандағы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерді енгізу нәтижесінде нашарлаған дара кәсіпкерлерге және шағын және орта бизнес субъектілеріне беріледі.

БЖК 2020, БЖК 2025 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қарыздар бойынша мерзімін кейінге қалдырған кезде ДАМУ КДҚ-мен қосымша келісу талап етіледі.

 

Құжаттарды беру

Банкке өтініш жасау үшін клиенттердің бөлімшелерге келуі қажет емес.

Вирустың таралуын шектеу мақсатында ForteBank мынадай цифрлық коммуникациялар арналары арқылы құжат айналымын ұйымдастырады: сайт, мобильді қосымша, электрондық пошта.

Жеке тұлғалар, сондай-ақ ДК және ШОБ субъектілері өздерінің өтінішіне қаржылық жай-күйінің нашарлағанын растайтын сканирленген құжаттарын қоса бере алады.

Толық нұсқаулық және қажетті құжаттардың нақты тізімі Банктің сайтында таяу уақытта жарияланатын болады.

ForteBank өзінің барлық клиенттеріне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта Банк клиенттерге үздіксіз қызмет көрсету үшін операциялық бөлімшелерін жаппау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ санитарлық шараларды күшейтіп, клиенттер барлық арналар бойынша уақтылы ақпарат алу үшін колл-орталықтың көлемін ұлғайтты.

Цифрлық арналардан басқа, ForteBank клиенттері 7575 нөмірі бойынша байланыс орталығына звондай алады. Банктің ТЖ кезеңіндегі жұмысы туралы ақпарат пен жаңалықтар https://forte.kz/covid19 арнайы бетінде жаңартылатын болады.

 

ForteBank АҚ

Байланыс орталығы: 7575

callcenter@fortebank.com

www.forte.kz


Altyn Bank ТЖ режимі уақытында клиенттерді қолдайды

 

3.jpg

Елімізде төтенше жағдайлар режимін енгізуге байланысты Altyn Bank қаржылық қиын жағдайға ұшыраған клиенттерге қолдау көрсетуге дайын.

 

Банк Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы 2020 жылғы                             18 наурызға дейін төлеу мерзімі кешіктірілмеген қарыз алушы жеке тұлғалардың кепіл берілген және кепілсіз кредиттері бойынша төлемдерінің төлеу мерзімін ұзартты. Барлық қажетті рәсімдерді банк дербес жүргізеді. Алтын Банктің заңды тұлғаларының – клиенттерінің қарыздарына қызмет көрсетуге қатысты мәселелер туындауына қарай әрбір қарыз алушымен жеке шешілетін болады.

Altyn Bank қазақстандықтарға 24/7 қашықтан қызмет көрсету арналарын ұсынады. Клиенттер банктің жеке тұлғаларға арналған Altyn-i және заңды тұлғаларға арналған Altyn Online цифрлық қызметтерін пайдалана алады. Банктің қызметтері туралы ақпаратпен https://altyn-i.kz/ сайтында танысуға болады.

2020 жылғы 19 наурыздан бастап, карантинге байланысты, Altyn Bank-тің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, банктің АХҚО-дағы филиалы және банктің Алматы қ. барлық бөлімшелері қоғамдық орындарда, оның ішінде банктің бөлімшелерінде болу қажеттігіне байланысты біздің клиенттеріміз және қызметкерлер үшін тәуекелдерді төмендету мақсатында жабылатын болады. Клиенттерге жеке және заңды тұлғаларға арналған онлайн сервистердің кең мүмкіндіктері қолжетімді.

Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы Altyn Bank филиалдарының офистері 21 - 25 наурыз аралығындағы демалыс күндерін қоспағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден сағат 16:00-ге дейін дүйсенбіден бастап жұма аралығында жұмыс істейді. Үй-жайларда санитарлық өңдеу және дезинфекциялау бойынша шаралар күшейтілген. Клиенттердің сақ болуын, қоғамдық орындарда болған кезде маскаларды және антисептикалық құралдарды пайдалануын сұраймыз.

Altyn Bank-тің клиенттері Қазақстанның аумағында кез келген банктің банкоматын пайдалана алады. Halyk Bank банкоматтарының ірі желісі, оның ішінде қолма-қол ақша қабылдау функциясымен (Cash-In) бар, әдеттегідей режимде жұмыс істейді.

Банктік қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша кәсіби консультациялар беру үшін біздің менеджерлер WhatsApp-та: +7 (771) 330-57-77 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейді. Байланыс орталығының телефоны +7 (727) 356-57-77. Сондай-ақ клиенттер әлеуметтік желілердегі Altyn-i және AltynBank ресми беттеріне және Altyn-i мобильдік қосымшадағы жеке кабинетке хабарлар жаза алады.

Заңды тұлғаларға барынша жан-жақты ақпарат алу үшін корпоративтік сервистегі Сіздің жеке менеджеріңізге телефон бойынша өтініш жасауды   немесе customerservice@altynbank.kz. мекенжайына сұрату жіберуін сұраймыз.

«Altyn Bank» АҚ

WhatsApp телефоны: + 7 (771) 330-57-77

Байланыс орталығы: +7 (727) 356-57-77

https://altyn-i.kz/

 

 

 

«Банк Хоум Кредит» клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсетеді

9.png

«Кредит шартымен бірге «Қаржылық қорғаныш» қызметі бар клиенттерден басқа банк қиын жағдайда қалған барлық клиенттеріне қосымша қолдау көрсетуді қамтамсыз етеді.

 

 

Қазақстанның аумағында төтенше жағдайдың (ТЖ) және жекелеген облыстарда карантиннің енгізілуіне байланысты «Банк Хоум Кредит» клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін 3 негізгі шешім қабылдады:

 

  1. ТЖ қолданыста болатын кезеңде (2020 жылғы 16 наурыздан бастап) кредиттер мен кредит карточкалары бойынша мерзімі өткен төлемдер бойынша клиенттерге тұрақсыздық айыбы есептелмейді. 90 күннен аса мерзімі өткен кредит шарттары бойынша ТЖ кезеңінде есептелген сыйақының да күші жойылуға тиіс. Клиенттердің Банкке өтініш жасауы қажет емес.
  2. Елдегі ТЖ салдарынан жұмысынан айрылған клиенттер төлемдерін 2 айға кейінге қалдырады (Банктен кредит демалысын алады). Кредит демалысын алу үшін клиенттер Банкке мобильдік қосымша арқылы өтініш жасауы немесе Банк бөлімшесіне баруы қажет. ТЖ енгізілген кезде клиенттерде мерзімі өткен төлем болмауға тиіс. Кредит демалысы 18 наурызға дейін жасалған және ай сайынғы төлемдері ТЖ енгізілген кезеңде жүргізілетін кредит шарттары үшін қолжетімді. Қосымша ақпарат Банктің сайтында және мобильдік қосымшасында 1 сәуірден бастап жарияланады.

 

3.     20 наурыз – 15 сәуір аралығында «Home Card» дебет карточкасының және «ДОС» кредит карточкасының иелері:

-Chocofood;

-DODO Pizza;

-Glovo;

-IVI;

-Megogo;

-Яндекс.Еда;

-Netflix сервистері арқылы жасалған әрбір тапсырысқа банктен қосымша 10%-дық кешбэкпен қамтамасыз етіледі.

 

Үйде уақытты ыңғайлы әрі ұтымды пайдалану үшін клиенттеріміз мынадай қосымша қызметтер ала алады:

 

- Бүкіл отбасымен Bookmate онлай н-кітапханасында кітаптарды бір ай тегін оқи алады. Банктің карточкаларын қосып, «HomeCreditOtbasy» промокодын енгізу арқылы сервиске жаңа клиенттер де жазыла алады.

- Бүкіл отбасы болып IVI онлайн-кинотеатрында сүйікті фильмдерді бір ай тегін көреді. Банктің карточкаларын қосып, «HomeCreditOtbasy» промокодын енгізу арқылы сервиске жаңа клиенттер де жазыла алады.

- Яндекс.Таксиде 3 рет 50%-дық жеңілдікпен** бүкіл отбасымен қаланың ішінде жүре алады.

 

Промокодты алу және пайдалану жөніндегі барлық ақпарат Home Credit Bank Kazakhstan мобильдік қосымшасында қолжетімді.

 

 

Банк Хоум Кредит АҚ

Тел. : +7 727 244 54 77, +7 771 724 12 40 ( күн сайын сағат 08: 00- ден 22:00-ге дейін)

https://homecredit.kz/


Jýsan Bank клиенттеріне қолдау көрсетеді

 

11.png

Үкіметтің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚНА шараларына қолдау көрсете отырып, Jýsan Bank Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуі нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттерге көмек көрсетуге бағытталған бірқатар бастамаларды дайындады.

 

Ағымдағы жылғы 18 наурызға дейін кредит берілген және ағымдағы жылғы 16 наурызда мерзімі өткен берешегі жоқ барлық жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты осындай бастамалар шеңберінде мыналар көзделеді.

 

Жеке тұлғалар үшін:

 

1.     Тұтыну кредиттері бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеудің күшін жою. Аталған шараны банк өзі жүзеге асырады, клиенттердің банк бөлімшелеріне келуі қажет емес;

2.     Қарыз алушының өтініші және растайтын құжаттарын ұсынуы негізінде жеке тәртіппен банк негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді: кепілді қарыздар бойынша төлемді кейіннен қайта есептей отырып, кепілсіз қарыздар бойынша банктік қарыз шартының мерзімін тиісінше ұзарта отырып, 60 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға мүмкіндік бере алады.

 

Дара кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін:

 

1.     Қарыз алушының өтініші негізінде, жеке қарау тәртібінде банк төлемдерді кейіннен қайта есептей отырып, негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді 90 күнге дейін кейінге қалдыруға мүмкіндік беруі мүмкін;

2.     Егер төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде мерзімі өткен төлемдер қалыптасқан жағдайда қарыз алушының өтініші негізінде негізгі борыш мен сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеу тоқтатыла тұрады.

 

Карантин шеңберінде алдын алу шараларын сақтау мақсатында Jýsan Bank клиенттеріне электрондық поштаның, мобильдік қосымшаның және басқа да байланыс арналарының көмегімен өтініш жасау мүмкіндігін береді. Егер қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы өтініш жасау мүмкіндігі болмаса, өтініштерді банк бөлімшелеріндегі арнайы жәшіктерде қалдыруға болады. Өтініштерді мобильдік қосымша арқылы ресімдеу және беру жеке тұлғалар үшін жақын уақытта қолжетімді болады.

«Жусан Банк клиенттері қиын уақытта біздің көмегімізді алатындығына сенімді болғанын қалаймыз. Қазір біз 7711 нөмірі бойынша арнайы жедел байланыс желісін аштық, онда клиенттер тәулік бойы кеңес ала алады. Тәуекелі жоғары аймақтағы 65 жастан асқан клиенттер үшін үйден қауіпсіз қызмет көрсету үшін де бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз», деп атап өтті Jýsan Bank Басқарма Төрағасы Айбек Қайып.

Банктің төтенше жағдай режиміндегі жұмысына және жоғарыда жазылған бастамаларға қатысты барлық өтініштерді info@jysanbank.kz электрондық поштасына жіберуге де болады.

 

 

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ

Телефондар: 58-77-11 (Қазақстанның 16 қаласы үшін бірыңғай нөмір)

8 800 080 25 25 (Қала телефондарынан тегін қоңырау шалу)

Факс: +7 (7172) 770-195

E-mail: info@jysanbank.kz

jysanbank.kz