Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін сату туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес ұлттық валютаның айырбастау бағамын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін ішкі валюта нарығында сату туралы шешім қабылдады.

Аталған шешім жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын экспорттаушы кәсіпорындарға, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниясына қолданылады және төтенше жағдай кезеңінде қолданыста болады.   

Үкімет және Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу мақсатында үйлестірілген жұмысын жалғастырады.

Қабылданатын шаралар айырбастау бағамын тұрақтандыруға, валюта ұсынысын қамтамасыз етуге, негізсіз құбылмалылықты болдырмауға бағытталды және іргелі үрдісті қалыптастыруға кедергі келтірмейді.