Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 13 - 27 наурыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 27 наурызда теңгенің нарықтық бағамы қарастырылып отырған кезең ішінде 10%-ға (405,46-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 445,84 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 13 - 27 наурыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлеменің 0-0,25%-ға дейін төмендетілгені туралы, сондай-ақ коронавирустың әсерінен саны бойынша жеңілдету бағдарламасын іске қосу туралы хабарлады. Англия Банкі мөлшерлемені 0,1%-ға дейін төмендетті және активтерді сатып алу көлемін ұлғайтты. ФРЖ сонымен қатар, әлемнің
9 жетекші орталық банктерімен своп желілері аясында АҚШ долларындағы өтімділікті арттыру бойынша келісілген шаралар туралы хабарлады. АҚШ конгресі экономиканы ұстап тұру үшін 2 трлн доллар бөлуге келісім берді. Өткен аптаның ортасынан бастап дамушы елдердің валюталары әлемдік экономиканы қолдау жөніндегі ауқымды шаралар аясында тұрақтану белгілерін көрсетуде.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

·                    үнді рупиясы 1,3%-ға (73,91-ден 74,85-ке дейін) әлсіреді. Үндістанның резервтік банкі жалпы сомасы $50 млрд құрайтын өтімділікті қамтамасыз ету шаралары туралы жариялап, негізгі мөлшерлемені 5,15%-дан 4,4%-ға дейін төмендетті;

· түрік лирасы 1,9%-ға (6,33-тен 6,45-ке дейін) әлсіреді. Президент коронавирустың салдарымен күресу шараларын жариялады, экономиканы ынталандыру көлемі $15,4 млрд болды;

· Бразилия реалы ОБ мөлшерлемені одан әрі төмендету туралы шешімді жоспарламайтынын білдіре отырып, негізгі мөлшерлемені 50 б.т.
3,75%-ға дейін төмендету туралы шешімінің аясында 5,4%-ға (4,84-тен 5,1-ге дейін) әлсіреді. Реттеуші коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық тоқырауды күтеді;

· Мексика песосы S&P агенттігінің тәуелсіз рейтингті BBB деңгейіне дейін төмендету туралы шешімі аясында 6,5%-ға (21,92-ден 23,34-ке дейін) әлсіреді;

· Оңтүстік Африка ранды елдің егемендік борышының рейтингінің Moody's инвестициялық агенттігінен төмен деңгейге дейін нашарлауы аясында 8,2%-ға (16,28-ден 17,62-ге дейін) әлсіреді;

· Ресей рублі мұнай нарығындағы теріс динамиканың және инвесторлардың тәуекел деңгейінің нашарлауы аясында 8,9%-ға (72,44-тен 78,92-ге дейін) әлсіреді;

· Индонезия рупиясы мөлшерлемені 25 б.т. 4, 5%-ға дейін төмендеуі аясында 9,4%-ға (14 778-ден 16 170-ке дейін) әлсіреді, экономикалық өсу болжамы 4,2-4,6% дейін түзетілді (5-5,4% - алдыңғы болжам бойынша). Реттеуші қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін күнделікті өтімділікті қамтамасыз ету операцияларын бастады.




[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

 

Screenshot_3.png



Дамушы елдер валютасының серпіні (2020 жылғы 13 наурыз =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Screenshot_4.png