Мемлекет басшысының 2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырмасын іске асыру үшін ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен субъектілердің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін әзірледі.
Тәртіп БАРЛЫҚ банктерге, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, МҚҰ-ға, ломбардтарға, онлайн-кредиттеу компанияларына, кредиттік серіктестіктерге, оның ішінде тарату процесінде тұрғандарға және коллекторлық агенттіктерге қолданылады.
Тәртіп 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген БАРЛЫҚ банктік қарыздар мен микрокредиттерге қолданылады.