Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қаржы реттеушісі коронавирус пандемиясының кезеңіндегі дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып берді

Қаржы реттеушісі коронавирус пандемиясының кезеңіндегі дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып берді

Ағымдағы жағдайларда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай режимінің банктердің қарыз алушыларына және тұтастай алғанда қаржы секторына теріс әсерін жұмсартуға бағытталған жұмысқа баса назар аударуы керек. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков бүгін Алматыдағы ОКҚ-дағы брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.


«Банк секторы ағымдағы дағдарысты жағдайларға барынша дайын болды, мұны 2019 жылы жүргізілген банк секторы активтерінің сапасын бағалау көрсетті. 2008 жылдан бері жинақталған көптеген проблемалар анықталып, реттелді. Сонымен бірге банк секторының барынша жоғары өтімділік деңгейі бар. Банктердегі бизнес-процестердің сапасын жақсарту жөніндегі жүйелік жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта Агенттік AQR нәтижелері бойынша түзету шараларының жоспарларын банктермен келісу жөніндегі жұмысты аяқтауда», - деді ол. О. Смоляков коронавирус пандемиясының теріс салдарларын еңсеру, бизнесті кредиттеуге қолдау көрсету және қарыз алушылардың борыш жүктемесімен байланысты тәуекелдерді азайту үшін дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылданғанын қоса атап өтті.


Ол бұл шараларды атап өтті. Біріншіден, 2020 жылғы 30 наурыз – 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде пруденциялық реттеудің уақытша контрциклдық шаралары енгізілді. «Пруденциялық реттеудің уақытша шаралары капиталды және кредиттеу, ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу үшін өтімділікті босатуға бағытталған», - деп нақтылады О. Смоляков.
Екіншіден, Шағын және орта бизнес субъектілерін (ШОБ) жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда, оған 600 млрд теңге бөлінді. О. Смоляковтың айтуынша, бұл бағдарламаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірлеген. «Бағдарлама екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен ШОБ субъектілерін, оның ішінде дара кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыруға 12 айға 8%-бен жеңілдетілген кредит беруі арқылы іске асырылуда. Активтерінің сапасын тәуелсіз бағалаудан (AQR) өткен және портфелінде ШОБ қарыздары бар 13 қатысушы банк айқындалды» - деді О. Смоляков. 


Бағдарламаға қатысушы банктерге бөлінген қаражатты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу, басқа банктердегі депозиттерге орналастыру, шетел валютасын сатыл алу үшін пайдалануға тыйым салынды, - деп атап өтті О. Смоляков. Агенттіктің деректері бойынша, ағымдағы жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап шағын және орта бизнес субъектілерінен 213,9 млрд теңге сомаға 1 131 өтінім түсті, оның ішінде 41,7 млрд теңге сомаға 92 қарыз мақұлданды. «Қарыз алушылардың қаржыландыруды алу мерзімдерін қысқарту үшін банктердің Бағдарлама бойынша қаржыландыруға өтінімдерін келісудің оңтайлы тетігі әзірленді», ¬- деп толықтырды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.
Ол сондай-ақ халыққа, ШОК-қа қолдау көрсету мақсатында Агенттіктің бірқатар жедел шараларды қабылдағанын хабарлады. Атап айтқанда: Барлық қарыз (микрокредит) бойынша төлемдердің мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеуге тыйым салынды, сондай-ақ төлемдер мерзімнің өтіп кетуі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынды; 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығында кезеңде банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдердің мерзімі кейінге қалдыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға негізгі борыш пен сыйақы төлеу тоқтатыла тұрды.


«Бұл талаптар барлық екінші деңгейлі банктерге, ломбардтарды қосқанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, онлайн-кредит беру компанияларына, кредиттік серіктестіктерге қолданылады, - деп еске салды О. Смоляков. - Төлемдерді кейінге қалдыру: жеке тұлғаларға – ХӘОТ, АӘК алушыларға, тіркелген жұмыссыздарға, қаржылық қиындықтарға тап болған өзге де азаматтарға беріледі. Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға жататын азаматтардың жалпы санынан шамамен 2,5 млн адамның кредиттік ұйымдар алдында міндеттемелері бар; ШОБ субъектілеріне – бұл экономиканың зардап шеккен салалары немесе қаржылық жағдайы нашарлағандар». 


Айта кетерлігі, бүгінгі күні қаржы реттеушісінің деректері бойынша, банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша берешек сомасы 4,4 трлн теңге болатын 5,3 млн азамат және 3,9 трлн теңге болатын 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар.
Ағымдағы жылдың 14 сәуіріне жиынтығы 1,5 млн қарыз алушы мен 12,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруға өтінімдер берілді.


186,1 млрд теңге сомаға 1 340 707 адам және 131,4 млрд. теңге сомаға 9 822 ШОБ субъектілерінің төлем мерзімі кейінге қалдырылды. Төлемдерді тоқтата тұру кезеңінде қарыз алушылар бойынша талап-арыз жұмысы тоқтатылады.