Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 22–29 мамыр аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

2020 жылғы 22–29 мамыр аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 29 мамырда теңгенің нарықтық бағамы қарастырылып отырған кезеңде 0,7%-ға (414,46-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 411,54 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 22 – 29 мамыр аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленістің күшеюі туралы белгілерге қарамастан, дамушы елдердің валюталары Еуропа елдері мен АҚШ-та карантиндік шараларды алып тастау перспективасы аясында нығайды. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Гонконгтағы бүлікшілікке және сепаратизмге қарсы заң жобасын ҚХР билігінің дайындауы аясында АҚШ-тың Қытайдан Гонконгтың саяси автономиясын бұдан былай растай алмайтынын мәлімдеді. Д.Трамп Гонконг үшін преференцияларды жоюды жоспарлап отырғанын жариялады, алайда сауда келісімінің бірінші фазасынан бас тарту жөніндегі жоспарларды айтпады. Соңғы екі апта қатарынан жұмыссыздық бойынша өтінімдер берген АҚШ-тағы адамдар саны өткен аптаның деңгейімен салыстырғанда күрт қысқарып, 21,05 миллионға жетті, бұл АҚШ-тағы кәсіпорындардағы жұмыстың қайта басталғанын білдіреді (24,9 миллион – өткен аптаның деңгейі). Оңтүстік Корея, Польша және Колумбия орталық банктері экономиканы қолдау үшін негізгі мөлшерлемелерді төмендетті

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

-      Бразилия реалы федералды полицияның жұмысына араласуы туралы Президентке қарсы айыптаулар бойынша дәлелдердің  жеткіліксіз болуы аясында 3,4%-ға (5,53-тен 5,34-ке дейін) нығайды. 2020 жылғы 1-тоқсанда ІЖӨ 1,5%-ға төмендеді;

-      Мексика песосы 2019 жылы ІЖӨ-нің 0,3% ж/ж-ға дейін (-0,1% ж/ж – алдыңғы бағалау) қысқартуды қайта қарау туралы деректердің шығуына қарамастан тәуекел дәрежесінің жақсаруы және АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі аясында 2,4%-ға нығайды;

-      Ресей рублі мұнай бағасын белгілеулерді қалпына келтіруді жалғастыру және 1 маусымнан бастап карантиндік шараларды біртіндеп алып тастау туралы хабарламалар аясында 2%-ға (71,58-ден 70,14-ке дейін) нығайтылды. Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ҚША шығарылымын ұлғайту жоспарлары туралы хабарлады;

-      Индонезия рупиясы 0,7%-ға нығайды (14 710-нан 14 610-ға дейін). ОБ Төрағасы жергілікті облигацияларға капиталдың әкелінуінің нығаюы аясында рупияны одан әрі нығайту күтілгенін мәлімдеді;

-      Оңтүстік Африка ранды коронавирустық инфекцияның таралуының баяулауы жөніндегі белгілерге байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы аясында 0,4%-ға (17,62-ден 17,55-ке дейін) нығайды;

-      үнді рупиясы 2020 жылғы 1-тоқсанда экономиканың өсуінің 3,1% ж/ж дейін баяулауы туралы деректердің шығуына қарамастан, 0,4%-ға (75,96-дан 75,62-ге дейін) нығайды;

-      түрік лирасы 0,1%-ға әлсіреді (6,81-ден 6,82-ге дейін). 2020 жылғы 1-тоқсанда экономика 4,5% ж/ж өсті.