Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылдың сәуірінде банктер 2 млн-ға жуық төлем карточкаларын шығарды

2020 жылдың сәуірінде банктер 2 млн-ға жуық төлем карточкаларын шығарды

2020 жылдың басынан бастап қазақстандық төлем карточкалары нарығында төлем карточкаларының саны мен ұстаушылар санының өсімі байқалады. 2020 жылдың бірінші төрт айының сонында айналымда 37,8 млн төлем карточкасы болып, оның 54% (20,5 млн) белсенді қолданылған төлем карточкарын құрады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында эмитенттермен 2 млн-ға жуық төлем карточкалары шығарылған. Бұл төлем карточкаларының 45% Алматы қаласының айналымында (891 мың бірлікке жуық). Ал аймақтарда төтенше жағдай кезінде шығарылған төлем карточкаларының саны орташа есеппен 70 мың бірліктен асады.

2020 жыл 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 96,3 мың кәсіпкер 133,1 мың сауда орындарында 160,7 мың POS-терминал орнатқан. Қазақстан аумағында 12,0 мың банкомат жұмыс істеп, оның 1,5 мың бірлігі клиенттерді биометриялық идентификациялау функциясын қолдайды.